Негізгі бет  /  мақалалар  /  105 жасында рекорд орнатты

105 жасында рекорд орнатты

Айқын-ақпарат
1053
105 жасында рекорд орнатты   Француз Робер Маршан 1 сағатта француз ұлттық велодромынан 22,5 шақырым жүріп өтіп, өзінің жас санатында рекорд орнатты.
Енді Маршан - 105 жастан асқан велосипедшілер арасында чемпион. «100-105» аралығындағы чемпиондық атақ та 2012 жылдан бері осы Маршанға тиесілі еді. «Мен мұнда чемпион болу үшін емес, 105 жастағы адамның да велосипед тебе алатынын дәделдеу үшін келдім», - деп мәлімдеді Маршан. Велосипедші өзін жақсы сезінуде, деп жазды Би-Би-Си. «Аяғым ауырып тұрған жоқ. Тек қолым аздап ауырады, онда да ревматизмнен», - деп сұхбат берді спортшы журналистерге. 2012 жылы Маршан сағатына 26,9 шақырым жүріп,100 жастан асқан спортшылар санатында чемпион атанған еді. «Мен бұрынғы қалпымда емеспін», - деп қынжылды ол. Өз жасында мұндай физикалық формада жүрудің сыры неде деген сұраққа Маршан дұрыс диетада деп жауап берді. Ол жеміс-жидек пен көкөністерді, етті көбірек жеуге және мүлдем кофе ішпеуге кеңес берді. Маршанның өзі күніне бір сағатын веложаттығу құрылығысына арнайды. Маршан 1911 жылы туған. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ол ұлтшылдарға тұтқынға түскен. Соғыс біткен соң, Венесуэланың қант құрағы плантацияларында, Канадада отыншы болып жұмыс істейді. Спортшы ретінде Маршан өз елінің атынан түрлі халықаралық гимнастикалық жарыстарға барған және бокспен шұғылданған.


 inform.kz