Негізгі бет  /  мақалалар  /  Оңтүстікте тау шаңғы базасы салынады

Оңтүстікте тау шаңғы базасы салынады

Айқын-ақпарат
1016
Оңтүстікте тау шаңғы базасы салынады Оңтүстік Қазақстан облысында тағы бір тау шаңғы базасы салынады. Демалыс аймағы табиғаты тамаша Төле би ауданында бой көтереді. Бұл туралы Төле би ауданының әкімі Бұқарбай Парманов мәлімдеді.

Аудан әкімінің айтуынша, осы база арқылы жыл бойы ай табыс табуға болады. «Тоғыс тау» шаңғы базасының жалпы ұзындығы 8 шақырымға созылады. Шатқалдың ішінен аспалы жол салынады. Жобаның құны 5 млрд теңге. Оны жеке кәсіпкер өз қаржысына тұрғызады деп жоспарланып отыр», - дейді Б.Парманов. Ел құптарлық бастаманы іске асыру жұмыстары әлден басталып кеткен. Биыл осы мақсатта қажетті қаржы көздерін қарастыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, жол құрылысына 400 млн, электр энергиясына 300 млн теңге жұмсалады. Сондай-ақ ауыл шаруашылық, кәсіпкерлік пен туризм саласы да қанатын кеңге жая бастайды. Әрі ауданның негізгі табыс көзіне айналады. Жалпы, Төле би ауданы туризм саласына өте қолайлы жер. Мұнда қысқы спорттың бірнеше түрінен сайыс өткізуге болады. Ал, жазғы кезде таза ауаға шығып серуендеуге таптырмас мекен.

Алмас Сұлтан

inform.kz