2016 жылы Қазақстанда инфляция 8,5 пайызды құрады

Ведомство мәліметтеріне сәйкес, өткен жыл баға азық-түлік тауарларына 9,7%, азық-түлік емес тауарларға 9,5%, ақылы қызметтерге 6,1%-ға өсті. Ағымдағы жылдың басынан бері (2016 жылғы желтоқсан 2015 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуі шайға 38,9%, жармаларға 31,3%, жұмыртқаға 20,3%, нанға 17,2%, қантқа 17%, кондитерлік өнімдерге 16,6%, қайта өңделген және консервіленген көкөністерге 15,8%, картопқа 15,6%, құс етіне 13,8%, салқындатылған сусындарға 13,2%, күнбағыс майына 11,8%, макарон өнімдеріне 11,3%, жеміс және көкөніс шырындарына 10,7%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге 10,6%-ға белгіленді. Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге 17,7%, кеңсе тауарлары мен сызу құралдарына 14,2%, жеке қолданатын тауарларға 13%, жуғыш және тазалағыш құралдарға 12,3%, тоқыма бұйымдарына 11,2%, тұрмыстық аспаптарға 11,1%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге 10,2%, автомобильдерге 9,2%, киім және аяқ киімге 9%-ға құрады. Дизель отыны 38,2%, баллондағы сұйытылған газ 16,1%-ға қымбаттады. Баға деңгейі денсаулық сақтау қызметтеріне 10,1%, жолаушылар көлігінің 7,2%, мейрамханалар мен қонақ үйлердің, сақтандыру, құқықтық қызметтеріне 7%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы 6,8%, білім беру 6,6%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының 5,2%-ға өсті. Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер кәрізге 25,2%, суық суға 12,2%, қоқыс шығаруға 11%, орталықтан жылытуға 8%, ыстық суға 7,8%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға 7,5%, электр энергиясына 6,1%-ға артты.
inform.kz