Негізгі бет  /  мақалалар  /  Еуропалықтардың "төбе шашын тік тұрғызған" намаз (видео)

Еуропалықтардың "төбе шашын тік тұрғызған" намаз (видео)

Айқын-ақпарат
869
Еуропалықтардың "төбе шашын тік тұрғызған" намаз (видео) Ғаламторда жарияланған голландық балалардың намаз оқып жатқан сәті бейнеленген видео Еуропада дау-дамайға түрткі болды.

Нақтырақ айтқанда, Голландияның Зволле (Zwolle) қаласындағы Ghulzar e Madina мешітінің имамы голландық оқушы балаларға намаз үйреткені қоғамда наразылық тудырды. Голландық жалпы білім беру бағдарламасына сай мектеп оқушылары осы елдегі азшылықты құрайтын ұлттардың мәдениетімен таныс болуы керек. Аталған бағдарлама аясында мектепке жақын орналасқан мешітке оқшыларды ертіп келіп, ислам жайында мәлімет беріп, намазды қалай оқу керектігін көрсеткен.