Негізгі бет  /  мақалалар  /  Трамп алғашқы баспасөз мәслихатын өткізеді

Трамп алғашқы баспасөз мәслихатын өткізеді

Айқын-ақпарат
885
Трамп алғашқы баспасөз мәслихатын өткізеді  Дональд Трамп АҚШ президенті болып сайланғаннан кейінгі алғашқы баспасөз мәслихатын 11 қаңтарда өткізуді жоспарлап отыр. Ол Нью-Йоркте өтетін болады.

Бұл туралы республикашыл Twitter микроблогтар сервисіндегі өзінің парақшасында жазды. «Жалпы баспасөз мәслихатын Ньй-Йоркте 11 қаңтар күні өткіземін. Барлықтарыңызға рахмет», - деп жазды Трамп. Әдетте АҚШ-та жаңадан сайланған президент журналистермен кездесуді сайлаудан кейін көп ұзамай өткізеді. CNN-ның атап өтуінше, мұндай дәстүр БАҚ-тарға құрмет білдіру болып табылады. Айта кетейік, Трамп сайлауалды науқан барысында бұқаралық ақпарат құралдарын әділетсіздік және оның қарсыласы - экс-мемхатшы Хилари Клинтонға басымдық беруге талпыныстары үшін бірнеше мәрте сынаған еді. Трамп мұның алдында БАҚ-пен үлкен кездесуді 2016 жылдың ортасында ұйымдастырып, мемлекет басшысы міндетін атқаруда мүдделер қайшылығын болдырмас үшін өз бизнесіне бұдан әрі қалай иелік ететіні туралы айтып беруге уәде еткен болатын. 12 желтоқсан күні баспасөз мәслихаты 2017 жылдың басына ауыстырылды. 

inform.kz