Негізгі бет  /  мақалалар  /  Түркияда төтенше жағдай тағы ұзартылды

Түркияда төтенше жағдай тағы ұзартылды

Айқын-ақпарат
441
Түркияда төтенше жағдай тағы ұзартылды Түркияда төтенше жағдай режимі тағы үш айға ұзартылды.

Түркия парламенті сейсенбі күні төтенше жағдай режимін 19 қаңтардан бастап тағы үш айға созуды мақұлдады.

Айта кетсек, әскери төңкеріс әрекетінен кейін өткен жылдың 21 шілдесінде Түркияда ТЖ режимі жарияланған болатын. 11 қазанда ел парламенті режимді тағы үш айға созу туралы шешім қабылдады.

Шілденің 15-нен 16-на қараған түні Түркия Қарулы күштерінің бір топ офицері мен жауынгері елде бүлік шығарып, билікті басып алмақ болды. Қақтығыс салдарынан 246 адам қаза тауып, 2 мыңнан астамы жарақат алған болатын.

 

Baq.kz