Негізгі бет  /  мақалалар  /  Жел күшейіп, көктайғақ болады

Жел күшейіп, көктайғақ болады

Айқын-ақпарат
750
Жел күшейіп, көктайғақ болады Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы құбылмалы, атмосфералық ағымдардың өтуінен кей жерлерде жауын-шашын күтіледі. Тұман түсіп, көктайғақ болады, солтүстікте және орталықта жел күшейіп, бұрқасындатады.

 

Қазгидрометтің ақпаратынша, Ақмола, облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с дейін күшейеді, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында 18-23, екпіні 28 м/с жел соғады, түнде кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жамбыл облысында – тұман, көктайғақ, жел тұрады, түнде екпіні 23 м/с дейін жетеді. Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 23 м/с жылдамдықпен жел соғады. Павлодар облысында – бұрқасын, көктайғақ, жел. Шығыс Қазақстан облысының кейбір аудандарында бұрқасын, тұман түсіп, күндіз жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 12-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысында бұрқасындатады. Атырау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Маңғыстау облысында тұман күтіледі.

Baq.kz