Негізгі бет  /  мақалалар  /  Алматыдан 476 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Алматыдан 476 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Айқын-ақпарат
999
Алматыдан 476 шақырым қашықтықта жер сілкінді  ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының сейсмикалық стансалар желісі 4 қаңтар, таңертеңгі сағат 07.04-те жер сілкінісін тіркеді.

Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 476 шақырым қашықтықта Қытай аумағында орналасты. Жер асты дүмпуінің энергетикалық санаты 11.1. Магнитудасы - MPV 4.9. Тереңдігі - 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпараттар түскен жоқ.

Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз

inform.kz