Негізгі бет  /  мақалалар  /  Миллиондаған қолданушылар WhatsApp-сыз қалады

Миллиондаған қолданушылар WhatsApp-сыз қалады

Айқын-ақпарат
552
Миллиондаған қолданушылар WhatsApp-сыз қалады Смартфондарға арналған WhatsApp қосымшасын ойлап табушылардың хабарлауынша, ескірген гаджеттердегі барлық қосымшалар жұмыс жасауын тоқтатады.

 Бұл туралы британдық Daily Express басылымы хабарлады.

Қосымшаның құрушылары WhatsApp-тың iPhone 3GS телефонында, Windows Phone 7 ұялы құрылғысында және Android 2.1 және 2.2 нұсқасын қолданушыларда жұмыс жасамайтынын растады.

«Бұл гаджеттер біздің тарихымыздың маңызды бөлігі болды, алайда олар болашақта біздің қосымшамыздың мүмкіндіктерін сүйемелдемейді», - деп атап өтті өндірушілер.

 

 

ҚазАқпарат