Негізгі бет  /  мақалалар  /  Кеңес Одағының соңғы маршалы дүниеден өтті

Кеңес Одағының соңғы маршалы дүниеден өтті

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
919
Кеңес Одағының соңғы маршалы дүниеден өтті Мәскеуде 90 жасқа қараған шағында Кеңес Одағының соңғы артиллерия маршалы өмірден өтті.

Кеңес Одағында артиллерия маршалы атанған 13 әскери адам болса, соның ең соңғысы осы  - Владимир Макалкин еді. 1991 жылы Кеңес Одағы құрдымға кеткен соң, ең жоғары атақ «Ресей Федерациясының маршалы»  әскери дәрежесімен ауыстырылды.
1989 жылы Кеңес Одағы маршалы атағын ең соңғы әскери азамат ретінде алып, тарихта қалған Владимир Макалкин 1992 жылдан бері запаста. Ресей Қорғаныс министрлігінің «Бауырлас офицерлер» қоғамдық-қайырымдылық қорының президенті болған Макалкин өмірінің соңына дейін Отаны Ресейге қызмет етті.
...Мақсат –мадақтау емес. Алып империяның соңғы маршалының өмірден өткенін хабардар ету ғана.