Негізгі бет  /  мақалалар  /  Барак Обама қоштасу сөзінде не айтпақ?

Барак Обама қоштасу сөзінде не айтпақ?

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
982
Барак Обама қоштасу сөзінде не айтпақ? АҚШ-тың 44-президенті Барак Обама Ақ үйдегі қызметінен кетіп бара жатып, 10 қаңтар күні қоштасу мәлімдемесін жариялайтын болды.

«Бұл мен үшін маңызды нәрсе. Өйткені бүгінгідей алмағайып кезеңде Америкадай алып елдің президенті болу оңай емес. Біз шамамыз келгенше, бұл асудан адал өттік деп білемін. Неден қателестік? Елді дамыту  үшін алдағы уақытта не істеуіміз керек, нені қаперге алғанымыз жөн? Көкейде жүрген ойлардың барлығын да ортаға саламын, -деді президент Барак Обама CNN телеарнасына берген сұхбатында.  
Жалпы президенттік лауазымы аяқталар тұста халқына есеп беріп, қоштасу мәлімдемесін жариялау Америкада бұрыннан келе жатқан бар нәрсе. Бұл рәсімді ең алғаш рет Джордж Вашингтон осыдан 220 жыл бұрын жасағаны белгілі. Бұл үрдісті 2009 жылы Джордж Буш та жалғастырды. Ендігі кезек Барак Обамаға келіп тұр. 
Жалпы Барак Обама президенттік қызметке 2008 жылы кіріскені белгілі. Ол Америка Құрама Штаттарының тарихында бірінші рет президент болған афроамерикандық азамат. 2012 жылғы президенттік сайлауда да ол жеңіске жетті. 
10 қаңтардағы мәлімдемесінде ол не айтпақ? Сарапшылар АҚШ-тың алып держава екенін айта келіп, Барак Обама міндетті түрде ғаламдағы саяси оқиғаларға мән береді, «Ресейге қатысты саясатты қатаңдату мәселесін көтереді» деп бірауыздан айтып отыр.