Негізгі бет  /  мақалалар  /  Күдікті селфи жасап жүріпті

Күдікті селфи жасап жүріпті

Қаншайым БАЙДӘУЛЕТ
1262
Күдікті селфи жасап жүріпті Түркия ақпарат көздері Ыстанбұл қаласы Ортакей ауданындағы Reina түнгі клубында лаңкестік шабуыл жасаған күдіктінің анық бет-бейнесін жариялады.

Бейнежазбада жас жігіттің қала ортасында селфи жасап тұрғанын көруге болады. 39 адамның өмірін қиған лаңкес өзбек не қырғыз азаматы болуы мүмкін деген болжамдар айтылуда. Сондай-ақ бейнебақылау камераларында оның бір таксиден түсіп, екінші көлік тоқтатып тұрған сәті жазылып қалған. Бүгін түнде жергілікті полиция Зейтінбурну ауданында қылмыскерді ұстау операциясын жүргізді. Алайда әзірге ешқандай нәтиже жоқ.