Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ескі көлікке қатысты бағдарлама 16 қаңтарда іске қосылады

Ескі көлікке қатысты бағдарлама 16 қаңтарда іске қосылады

Айқын-ақпарат
564
 Ескі көлікке қатысты бағдарлама 16 қаңтарда іске қосылады   Қазақстанда ескі көліктерді сатып алу бағдарламасы қаңтардың екінші жартысында іске қосылады, деп хабарлады «Оператор РОП» компаниясының баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасының энергетика Министрлігі ескі автокөліктерді сатып алу бағдарламасының іске қосылу күнін белгіледі. 2017 жылдың 16 қаңтарынан бастап Қазақстанның 17 қаласында ескі автокөліктерді қабылдау (артынша утилизациялау) басталады. 4-15 қаңтар аралығында автокөліктерді қабылдау және бағалау процедураларын жетілдіру жұмыстары жүргізіледі», – делінген хабарламада.

РОП Операторы мен ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті біріге отырып, көлікті есептен шығару анықтамасының бірегей формасын енгізу және келісу жұмыстарын атқаратын болады.

Сондай-ақ, РОП Операторы мен ҚР әділет Министрлігі және республикалық нотариалдық палата бірігіп, көлікті утилизацияға өткізу үшін бірегей сенімхат формасы да енгізілетін болады.

 

2017 жылдың 4 мен 15 қаңтар аралығында электронды кезек жүйесі енгізіліп, ескі автокөліктерді жинаудың мобильді пункттер қозғалысының графигі жасалады. Сондай-ақ, эксплуатациядан шыққан автокөліктерді қабылдау және бағалау жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, 2016 жылдың 21 қарашасы мен 27 желтоқсаны аралығында РОП Операторының аталмыш бағдарлама аясында эксплуатациядан шыққан 4774 автокөлікті қабылдағаны жария етілді.

«Ескі көліктерді қабылдаудан Шымкент көш басында тұр, бір айдан аса уақыт ішінде қалада 661 автокөлік қабылданса, екінші орынға тұрақтаған Костанай өңірінде 627 көлік тіркелген, үштікті Ақтөбе өңірі аяқтап тұр. Мұнда утилизациялау үшін 412 автокөлік қабылданды. Қабылданған автокөліктердің орташа “жасы” – 25-30 жыл», – делінген мәлімдемеде.

Жалпы 4772 автокөлік бірінші категорияға енсе (Т 150 мың.),  2 көлік екінші категория деп белгіленді (Т 48 мың.).

 

stan.kz