Негізгі бет  /  мақалалар  /  Бала аязда 15 сағат бойы балконда тұрды

Бала аязда 15 сағат бойы балконда тұрды

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1297
Бала аязда 15 сағат бойы  балконда тұрды Брюссельде 15 сағат бойы аязда жеңіл киімімен балконда жалаңаш күйінде тұрған егіз бала ауыр жағдайда ауруханаға түсті. Олардың біреуі жансақтау бөлімінде жатыр.

Мәселенің байыбына барар болсақ, қыз бен баланың өгей әкесі 4-5 жастағы бүлдіршіндерді діни мерекеге орай дайындалған тамақты жеп қойғаны үшін осылай қатаң жазаға тартқан. Бұл кезде оның шешесі төргі бөлмеде ештеңені сезбей ұйықтап жатқан. Бірақ бала мен қыздың өгей әкенің тарапынан қатаң жазаға тартылғанын сезген. Бірақ оған соншалықты мән бермеген. Ал өгей әкесі анда-санда балконға барып екі бүлдіршінді көріп тұрған. Het Laatste Nieuws басылымының жазуына қарағанда,  түні бойы далада тұрған бала мен қыз есінен адасып, құлап түскенде  ғана ата-анасы жедел-жәрдем шақыруға мәжбүр болған. 
Егіздердің анасы - 31 жаста, ал оның күйеуі -21-де. Құқық қорғау органдарының өкілдері егіздің өгей әкесін қамауға алғаннан кейін ол өз кінәсін аздап болса да мойындаған. Бұл әрекетін қаскөй әке «Иисус менің жүрегіме жақын келіп, балаларды қатаң жазала, дұрыстап тәрбиеле» деп  өтініш жасады. Сосын айтқанын істедім» деп жауап берген. 
Қазір балаларын қатаң жазаға тартпақ болған өгей әкеге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бірақ қылмыскер өз әрекетін толыққанды мойындап отырған жоқ. Қазір сот органдары екеуін ата-аналық құқынан айыру жөніндегі талап -арызды қарауда. Егер шын мәнінде қылмыскердің кінәсі дәлелденсе, ол 30 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.