Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қылмыскер «Hollywood» жазуын өзгертіп кетті

Қылмыскер «Hollywood» жазуын өзгертіп кетті

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1188
Қылмыскер «Hollywood» жазуын өзгертіп кетті Жаңа жылдың алғашқы түнінде қызықты оқиға орын алды.

Бірінші қаңтар күні ұйқысынан оянған Лос-Анджелес тұрғындары тау шатқалында бүкіл қалаға көрініп тұратын Hollywood жазуының өзгеріп кеткенін өз көздерімен көрді. Оның орнына қылмыскерлер «Hollyweed» деп жазып кеткен. Бұл «қасиетті марихуана» деген сықылды мағынаны білдіреді екен. 
Сонда қылмыскерлердің бұзақылық әрекет етіп жатқанын ешкім көрмеген бе? Қаланың полиция өкілдері аталған жазудың маңайында қараңдап жүрген адамдарды бейнекамера арқылы байқағанын айтады. Бірақ ешкім мән бермеген. Бұзақылар екі әріпті өзгертіп кеткен. Аталған оқиғаға байланысты қылмыстық тергеу амалдары жүргізілуде. Енді қала аймағында есепте тұратын нашақорлар толық тексеріліп, олардан жауап алынатын болады. Калифорния штатының Лос-Анджелестегі тау шатқалындағы атақты «Hollywood» жазуы жарнама ретінде ең алғаш рет 1923 жылы ілінген болатын. Бұл АҚШ киноиндустриясының бренді ретінде дүние жүзіне танылды. Енді міне 93 жылдан кейін бірнеше сағатта «қасиетті марихуанаға» айналып кеткен атақты жазу қайтадан өзгеретін болды.