Негізгі бет  /  мақалалар  /  ЖАҢА ЖЫЛДА 650 КӨЛІКТІ ӨРТЕДІ

ЖАҢА ЖЫЛДА 650 КӨЛІКТІ ӨРТЕДІ

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1644
ЖАҢА ЖЫЛДА 650 КӨЛІКТІ ӨРТЕДІ Жаңа жыл күнгі оқиғаны Түркия мен Франция халқы ұмыта қоймайтын шығар. Түркияда жарылыс болса, ал француздар Жаңа жылда қайталанатын көрініске тағы да кезікті.

Жаңа жыл түнінде 650 автокөлік өртенді. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрі мәлім етті. Бұл бұрынғы көрсеткіштерге қарағанда 20 пайыз төмен. Десек те,француз билігіне қарсылық әлі бәсеңсімей отыр. Өздерінің наразылығын осылай білдірмек болған ондаған қылмыскер-бұзақылар жыл сайын осы әрекеттерін қайталайды. 
«Биылғы жылы  бұзақылардың тағылық әрекеті тағы да қайталанды. Рас, қылмыстық іс азайды. Бірақ тұрақты процеске айналып келе жатқан қылмыстың тағылық осы көрініс бізді алаңдатады. Жаңа жыл түнінде 650 автокөлік отқа оранды. Ал өткен жылы 602 көлікті бұзақылар өртеп кеткен болатын», -деді Ішкі істер қызметінің өкілдері. 
Әрине қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ел бойынша 100 мың полицей, өртке қарсы басқарма мен  жандармдар қызмет етті. Алайда, олар қоғамдық бақылауды қамтамасыз ете алмады. Бұзақылармен қақтығыс барысында ондаған полицейлер жараланды, бірнеше қылмыскер ұсталды.