Негізгі бет  /  мақалалар  /  «Нұрлы жер» бағдарламасын талқылады

«Нұрлы жер» бағдарламасын талқылады

Айқын-ақпарат
1202
«Нұрлы жер»  бағдарламасын талқылады «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының жаңа бағдарламасы талқыланды.

 Оны таныстыру үшін әзірлеушілер – Ұлттық экономика министрлігінің, «Бәйтерек ҰБХ» АҚ-тың, «Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ-тың және т.б. өкілдері шақырылды. Сондай-ақ кеңеске «Нұр Отан» партиясының басшылығы, бейнеконференбайланыс арқылы – партияның аймақтық және аумақтық филиалдарының басшылары, сарапшылар мен спикерлер қатысты. 

«Нұр Отан» партиясының хатшысы Наталья Годунова кеңесті ашқаннан кейін, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі маңызды және әлеуметтік жағынан сезімтал нәрсе екенін атап кетті. 
– Осы мәселеде мемлекет біртұтас кешенді шаралар қабылдады және қазіргі кезде партияның жүзеге асырылып жатқан Сайлауалды бағдарламасында жаңа тұрғын үй саясатын жүргізу көзделген, – деді ол. 
Қабылданған шаралардың арқасында жыл сайын шамамен 8 млн шаршы метр тұрғын үй салынуда. Мемлекет бас­шысының бастамасы бойынша қабыл­данған және іске асырылатын «Нұрлы жол»  бағдарламасы тұрғын үй құрылысына негізгі қозғаушы күш берді, соның шеңберінде 1,4 млн шаршы метр жалға алу тұрғын үйін салу көзделіп отыр. Міне,бүгінгі күні 537 мың шаршы метр пайдалануға берілді, яғни, 9 мың отбасы жеке тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар құрылыс саласындағы бір жұмыс орны бір-бірімен байланысты салаларда 6 жұмыс орнының пайда болуына ықпалын тигізеді. 
– 2016 жылдың 9 қыркүйегінде Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті, партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаев халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жаңа кешендік жолдардың керек екенін атап өтті. Осыған орай, Мемлекет басшысы Үкіметке «Нұрлы жер» тұрғын-үй құрылысының бірыңғай бағдарламасын дайындауды тапсырды. Таяуда Үкімет бағдарламаны толық қолдады. Премьер-министр соңғы түзетулерді енгізіп, 2017 жылдың басынан бағдарламаны іске асыру қажет екенін атап өтіп, аталған құжатты жыл соңына дейін бекітуді тапсырды, – деді ол. 
Елбасы партияға Үкіметпен бірге бағдарлама жобасын тұрғындармен, қоғам­дастықпен және бизнеспен талқылауды тапсырды. 
Партия хатшысының айтуынша, бағ­дарламаның басты мақсаты – оған 2015-2019 жылдарға арналған Инфрақұрылым­ды дамытудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы мен 2020 жылға дейінгі Өңірлерді дамытудың бағдарламасын тарта отырып, қалың елдің тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру. 
Аталған бағдарламаның негізгі ере­желері мен бағыттары туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс ісі және ТКШ жөніндегі комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов әңгімелеп берді. Олардың ішінде – ипотекалық несиелерді ипотекалық қарыздарды субсидиялау арқылы қолдау, жекеменшік салушыларды ынталандыру, Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі­нің салым­шы­ла­ры мен әкімшілікте кезекте тұрғандар үшін несиелік тұрғын үй құ­рылысының мөлшерін ұлғайту, мемлекеттің инженерлік коммуникацияны салып беруі арқылы жеке құрылысты дамыту бар. 
– Бағдарламамен сыйақысы жы­лына 17%-дан аспайтын банктердің мөл­шерлемесіне көмекқаржы бөлу қарас­тырылуда. Ақырғы қарыз алушының ипотекасын 10%-ға дейін төмендету үшін мемлекет 10 жыл бойы сыйақы құнының 7%-ына көмекқаржы бөлуді қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда адамдар жылына 10%-дан аспайтын ипотекалық несиелерге қол жеткізе алатын болады, – деді ол. 
Қарыз алушы үшін міндетті шарт – бірінші тұрғын үйді сатып алуы, қарыз алушының есепшотында тұрғын үй құны­ның 30% көлеміндей қаржының болуы. Астана мен Алматы қалаларындағы он бес жылға алынатын несиенің сомасы 20 млн теңгеден, өңірлерде 15 млн-нан аспауы тиіс. 
– Бұл шара 2016 жылғы болжанған көлеммен салыстырғанда ипотека кө­лемінің 18% ұлғаюына мүмкіндік береді, – деді ол.
Бұл ретте салынған тұрғын үйдің 50%-ы Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің салымшыларына белгіленген бағалар бойынша, Астана және Алматы қала­ларында 1 шаршы метрі үшін 260 мың теңгеге дейін, басқа аймақтарда – 1 шаршы метрі үшін 220 мың теңгеге дейін сатылатын болады. 
Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің салымшылары мен әкімдікте кезек­те тұрғандарды алдағы уақытта не­сиелік тұр­ғын үймен қамтамасыз ету мақса­тында бұрынғы бөлінген қаражат есе­бінен «револьверлік» қағида бойынша несиелік тұрғын үй құрылысын салу жалғастырылатын болады. Бүгінгі күні 2017 жылға арналған республикалық бюджетте 11 млрд теңге қарастырылған, бұл құрылыс салушылардың банктік несиелеріне 157 млрд теңге сомасында көмекқаржы бөлуге мүмкіндік береді. Бұл шамамен 600 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысын қосымша қаржыландыруға жетеді. 
Тұрғын үй құрылысына бөлінетін қаражаттың айналымдылығын қамтамасыз ету үшін Тұрғынүйқұрылысжинақбанкіне жыл сайын 24 млрд теңге бөлінетін болады, бұл өз салымшыларына төмендетілген пайыздық мөлшерлеме бойынша тұрғын үй беруге мүмкіндік жасайды. 
– Нәтижесінде, 15 жыл ішінде 12,0 млн шаршы метр несиелік тұрғын үй салынатын болады, бұл 200 мың отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деді Мархабат Жайымбетов