Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ардагерлерге басылымдарды жаздырып берді

Ардагерлерге басылымдарды жаздырып берді

Айқын-ақпарат
1034
Павлодар облысында «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында қарттарға қазақстандық баспасөзге жазылу құжаттарын табыс ету шарасы жалғасуда.

Жақында облыс орталығының Кутузов сайлау округінің 19 зейнеткеріне республикалық «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» және облыстық газеттерге тегін жазылу туралы құжаттар табыс етілді. 
Жазылу жөніндегі квитанцияларды зейнеткерлерге Павлодар облыстық мәслихат депутаты – «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Мұхит Мәженовтің атынан Арай Ержанова табыстады. Егде жастағы павлодарлықтар нұротандықтардың мұндай сыйлығына алғысын білдірді. «Ақпаратты газеттерден алуға дағдыланғанбыз. Интернетті бәріміз бірдей игердік дей алмаймыз» дейді олар. 
Аға буын аймақ, ел мен әлемдік жаңалықтарды газеттерден оқып-білуге үйренгені мәлім. Қарттардың барлығының компьютер немесе гаджеттерге қолы жете бермейтіні анық. Аталған акция дәл осындай ескі көзқарасты ұстанатын адамдарға арналған. Онымен бірге, осы арқылы интеллект пен есте сақтау қабілетін арттыратын оқу мәдениетін қайтадан жаңғырту да көзделеді.