Негізгі бет  /  мақалалар  /  Үздік бастауыш партия ұйымы қарқынды қызмет етуде

Үздік бастауыш партия ұйымы қарқынды қызмет етуде

Айқын-ақпарат
891
Жаңа жыл қарсаңында «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаев Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік уни­верситетінің «Бірлік» бастауыш партия ұйымында болды.

 Айта кету керек, жоғары оқу орнындағы партия ұйымы жуырда өткен республикалық «Үздік бастауыш ұйымы» байқауында жеңімпаз атанған. Құрамында 500-ге жуық мүшесі бар. Олардың 18-і ғылым докторлары мен 97-сі ғылым кандидаттары, 66-сы магистрлер. 
БПҰ жүйелі түрде қоғамдық қа­былдаулар ұйымдастырып, азаматтардың мәселелерін шешуге атсалысып келеді. Мәселен, БПҰ Астана күніне орай аз қамтылған, көпбалалы отбасылары мүшелерінің елорданы аралап, тама­шалауына мүмкіндік жасады. Және аз қамтылған отбасы балаларының оқу ақысына жеңілдік берудің жолдарын қарастырып келеді.