Негізгі бет  /  мақалалар  /  Көріпкел көз алдында алданып қалды

Көріпкел көз алдында алданып қалды

Айқын-ақпарат
1510
Көріпкел көз алдында алданып қалды Инстаграм әлеуметтік желісінде белгісіз біреулер жалған парақша ашып, «Битва экстрасенсов» шоуының финалисі Бақыт Жұматованың атынан бойтұмарлар сатып жатыр. Бұл туралы көріпкелдің өзі айтып берді.

Бақыт Жұматованың айтуынша, өздерін украиналық журналиспіз деп таныстырған адамдар әбден сеніміне кірген.

«Түсіру тобы келді де, мен туралы материал қажет екенін айтты. Бағдарламаға шығаруға уәде берді, ал шын мәнісінде фотосуреттерді менің атымнан бойтұмарлар сату үшін қолданған болып шықты. Не істерімді білмеймін, алайда халықты алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырамын», - дейді экстрасенс.

Айта кетейік, әлеуметтік желілер мен сайттарда Бақыт Жұматова жасады деген бойтұмарлар 6 мың теңгеден сатылып жатыр.

Шындығында көріпкелдің бойтұмарлары әлдеқайда қымбат екен. Өзінің айтуынша, олар көмекке мұқтаж жандарға көмектесетін көрінеді.

«Шынымен де менің бойтұмарларым өте қымбат тұрады. Олар адамның денсаулығын жақсартуға, дәулетін арттыруға және тағы басқа жағдайларға көмектеседі», - деп түсіндірді Жұматова.

 

baq.kz