Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қыста шорти киіп алған жігіт елді «шошытты»

Қыста шорти киіп алған жігіт елді «шошытты»

Айқын-ақпарат
1526
Қыста шорти киіп алған жігіт елді «шошытты» Instagram-ға автобуста желең киініп тұрған ер адамның фотосы жарияланды. Суретке «Астананың айбарлы жігіттері» деп жазылыпты.

Әлеуметтік желі қолданушылары қыстың қақ ортасында ер адамның неге бұлай жүргенін дереу болжауға кірісті. Олардың арасында Сібір тұрғыны немесе қазір ғана ыстық жақтан келген дегендер де болды.

«Бұл әуежайға бара жатқан автобус болса керек. Кей туристер жағажайда демалуға дайын болып барады», – деп болжады elena_ki_almaty.


Енді бірі бұл адам қарақшылардың құрбаны болуы мүмкін екенін айтып, аяушылық білдіріпті.

«Мектепте жүргенімде менің күртемді тартып алған болатын, үйге жейдемен бардым», - дейді timaasss.

Фото кейіпкері де үн қатты. Сөйтсек Александр атты жігіт қыста үнемі осылай жүреді екен. Бұл оның өмір сүру салты. Өзінің айтуынша, фитнес клубта жаттықтырушы болып жұмыс істейді, деп жазды informburo.kz.

«Әумесерлігім бар. Есесіне менімен бірге спортпен шұғылданғандардың іші пыспайды», - деп жазған екен Александр өзінің парақшасында.

 

baq.kz