Негізгі бет  /  мақалалар  /  Кәсіпкерлікті дамыту қорынан несие алдым

Кәсіпкерлікті дамыту қорынан несие алдым

Айқын-ақпарат
1168
Кәсіпкерлікті  дамыту қорынан  несие алдым Мен кезінде республикалық Автомобиль жолдары министрлігіне қарасты оқу-жаттығу мекемесінде жас жүргізушілерді тәрбиелейтін инструктор-үйретуші болып ұзақ жылдар қызмет атқардым.

Тағдырдың жазуымен күтпеген жерден өндірістік жарақат алып, І топтағы мүгедек атанып, далада қалғандай күй кештім. Әйелім де жұмысынан қысқарып қалды. Бір ұлым бар. Аздаған әлеуметтік зейнетақымен күн көру қиындаған кезде, өз жеке кәсібімді ашайын деп бармаған жерім, ашпаған есігім қалған жоқ.

Әрине, қандай шебер маман болсаң да, бірінші топтағы қоларбаға таңылған адамды мекемелер мен кәсіпорындар бірден қолдай қояды деу артық болар. Ақыры ешқандай қолдау таппадым, несие де ала алмадым. Содан бір күні шаршаған соң, осы жылдың басында «Нұр Отан» партиясының қалалық фи­лиа­лына келдім. Мені төрағаның бірінші орынбасары Жұлдыз Омарбекова қабылдап, жағдайымды мұқият тыңдады. Өзіммен бірге ала келген бизнес-жоспа­рымды таныстырдым.
Мен оған дейін базарлар мен темір­жол бекеттерінің ішінде жүріп-тұруға ыңғайлы, 500 келідей жүк тарта алатын шағын литражды мотороллер жасап шығарған едім. Сол жаңа мотороллердің фотосуретін, жобасын таныстыра оты­рып, шағын несие алуға көмек көрсетуін сұрадым.
Жұлдыз Омарбекова тиісті қызмет­кер­лерге шұғыл тапсырма беріп, тағы бірнеше жауапты адамдармен телефон­мен хабарласып, мені «Даму» кәсіп­керлікті дамыту қорына өз көліктерімен жеткізіп салды. Көп ұзамай, өзім көптен арман­даған 3 млн теңге көлеміндегі не­сиеге қол жеткіздім. Енді еш алаңдамай, сүйік­ті кәсібімді бастауға мүмкіндік туып отыр. Мен де адамдарға өз пайдамды тигізе алатыныма қуанып отырмын. Мына суретте көрсетілген мотороллерді 250 мың теңгеге жақында бір кәсіпкер жігіт ойланбастан сатып алды. «Тағы да жасасаңыз, келемін» деді. Яғни, байқап көрсем, сұраныс болатын сияқты.
Қарапайым адамдардың мұң-мұқ­тажын шешуге қол ұшын беріп, біз сияқты мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдағы өздерінің лайықты орнын табуға әрқашан жағдай жасайтын «Нұр Отанға» алғысымды білдіруді азаматтық парызым деп білемін.

Марат АДАЕВ, 
І топтағы мүгедек,
автомобиль ісінің шебері