Негізгі бет  /  мақалалар  /  Көптен бергі еңбекақымыз берілді

Көптен бергі еңбекақымыз берілді

Айқын-ақпарат
1102
Көптен бергі еңбекақымыз берілді Адам баласынан «Бақыт деген не?» деп сұрасаңыз, көпшілігі бірден жауап бере алмай қалатыны рас.

 Шынында да, бақытты болу үшін, жер бетіндегі пендеге ең алдымен, отбасылық береке-бірлік, ұжымдағы ынтымақты тірлік керек. Ер-азаматтар еңбек етіп, табыс тауып, әйел заты оны игілікке жаратып, жанұяда бала-шағаның шуақты күлкісі естіліп тұрса, бұдан артық қандай бақыт керек? Соны кейде жұмыс беруші басшы-қосшылар дұрыс түсінсе дегіміз келеді.

Біз, «Белкамит» ЖШС-да қызмет істейтін бір топ еңбеккерлер, көптен бері маңдай термен тапқан ең­бекақымызды ала алмай, қиналып жүрген едік. Бәріміздің мектепте, институтта оқитын бала-шағамыз бар, кейбіріміздің қа­жеттілікке байланысты алған несие­леріміз бар. Соның бәрі жиналып келіп, күтпеген тұрмыстық қиындықтар туғы­затыны белгілі.
Осы себепті, жуырда «Нұр Отан» пар­тиясының Әуезов аудандық фила­лының Қоғамдық қабылдауына барып, жағдайымызды ашық айтуға тура келді. Партия қызметкерлері еңбек қорғау жө­ніндегі тиісті мекемелермен бірлесе оты­рып, «Белкамит» ЖШС басшыла­рымен сөйлесе келе, біз көтерген мәсе­ленің оң шешілуіне ықпал етті. Жаңа жылдың қарсаңында қомақты ең­бекақымызды алып, ұжымымызбен үлкен қуанышқа кенеліп, қазір жұмысымызды жалғастырудамыз. Жағ­дайы­мызды терең түсініп, жедел көмектескен барлық азаматтарға рақмет айтамыз!
Елімізде, әрбір отбасында әрқашан тыныштық болып, осылайша, түсі­ніс­тікпен, берекелі, мерекелі өмір сүрейік. Сонда ғана ортақ Отанымыз қуатты мемлекетке айналатынына сенімдіміз.

Евгений КРАМЦОВ,
Тілеубек Молдасанов,
«Белкамит» ЖШС қызметкерлері.
Алматы қаласы