Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ұлы Отан соғысы ардагері ардақталды

Ұлы Отан соғысы ардагері ардақталды

Айқын-ақпарат
921

Келе жатқан Жаңа жыл мерекесіне орай «Нұр Отан» партиясының Федоров аудандық филиалының төрағасы Тәубә Исабаев аудан әкімінің орынбасары Мұрат Сандыбаев және Ардагерлер кеңесінің төрағасымен Александр Аслиевпен ҰОС ардагері Люлюк Николай Васильевичке арнайы барды. Аудан әкімі 89 жас құрметіне туған күн иесі ардагерді құттықтап, ұзақ өмір тілеп, сыйлық берді. Ардагерлер кеңесінің төрағасы біздің батырдың есімі жазылған Қостанай облысының Әскери Даңқ кітабын таныстырды.

Люлюк Николай Васильевич Фе­доров ауданының Копыченка ауылында 1927 жылдың 25 желтоқсанында дүниеге келген. 1944 жылдың қыркүйегінде әс­керге шақырылды. Артиллериялық-зениттік полктың құрамында Карель фронтында соғысқан. Взвод коман­дирының көмекшісі болған. Жеңіс Күнін Заполярьеда қарсы алған. Әскери шені – сержант.
Соғыс аяқталғаннан кейін Запо­лярьеде Печегин Солтүстік әскери-теңіз базасында қызметін жалғастырды. Әскерден 1951 жылы оралды. Федоров ауылына көшіп келгеннен кейін зей­неттік демалысқа шыққанша УМС-те жұмыс істеген. 3 бала тәрбиелеп, қазіргі күні 7 немересі, 3 шөбересі бар. Осы күнге дейін Федоров ауылында тұрады. 2012 жылғы 27 сәуірде №34 Федоров аудандық мәслихаттың шешімімен «Фе­доров ауданының Құрметті азаматы» атағы берілген.