Негізгі бет  /  мақалалар  /  Үздік бастауыш партия ұйымы анықталды

Үздік бастауыш партия ұйымы анықталды

Айқын-ақпарат
836
«Нұр Отан» партиясының Балқаш қалалық филиалының қызметкерлері «Болашақ», «Музей», «Телеком» бастауыш партия ұйымдарын мерекемен құттықтап қайтты.

Үздік партия ұйымдарын анықтау партия филиалы мен бастауыш партия ұйымдарының әрекеттесуінің қоры­тын­дысын шығару әрі Жаңа жыл мерекесімен құттықтауды мақсат етті.
– Жыл бойы сіздермен бірлесіп ау­қымды әлеуметтік-маңызды, ақпараттық жұмыстар атқардық. Сіздерге рақмет айтамыз. Бастауыш партия ұйымдары – партия тірегі. Партиялық жобалардың қозғаушы күші. Сіздер басқаларға үлгі­сіздер, – деді «Нұр Отан» партиясының Балқаш қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бибігүл Секер­бекова.

Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА,
Қарағанды облысы