Негізгі бет  /  мақалалар  /  «Есіктен – есікке» акциясы өтті

«Есіктен – есікке» акциясы өтті

Айқын-ақпарат
1057

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай және Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Нұр Отан» партиясы Жарқайың аудандық филиалы мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» Жарқайың аудандық филиалымен бірлесіп «Есіктен есікке» атты қайырымдылық шарасын өткізуді.

Бұл күні нұротандықтар көпбалалы және жетім балаларды асырап отырған отбасыларын аралап қайтты. Солардың ішінде көпбалалы 6 баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отырған «Күміс алқа» иегері Жұмагүл Хасенованың отбасы да бар. Партия мүшелері бұл отбасыға жаңа­жылдық сыйлықтар, тұрмысқа қажетті заттар, жабдықтарды алып берді.
– Біз өз тарапымыздын түрлі қайы­рымдылық іс-шараларына қатысуға тырысамыз. Партияның «25 игілікті іс» жобасы аясында бүгінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларды аралап, көмек қолын создық, – деді «Нұр Отан» партиясы Жарқайың ау­дандық филиал төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат де­путаты Жанат Мыңбаев.