Негізгі бет  /  мақалалар  /  Халық 4774 ескі көлігін өткізді

Халық 4774 ескі көлігін өткізді

Айқын-ақпарат
448
Халық 4774 ескі көлігін өткізді  Ескі көліктерді сатып алу бағдарламасы 2017 жылдың 16 қаңтарынан бастап толығымен іске қосылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өндірушілердің кеңейтілген міндеттерінің операторының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз мәліметінше, "ӨКМ Операторы" ЖШС ескі көлік құралдарын өткізуді ынталандыру бағдарламасын 2017 жылдың 16 қаңтарынан бастап Қазақстанның 17 қаласында толығымен іске қосады. "2017 жылдың 4-15 қаңтар аралығында көне көліктерді бағалау және қабылдауды жетілдіру жұмыстары жүргізіледі. Осы ретте ӨКМ Операторы ҚР ІІМ әкімшілік полиция Комитетімен бірлесіп, көлік құралдарын жою мақсатында есептен шығару жөніндегі жалпыға ортақ анықтама құжат бекітеді", - деді баспасөз өкілдері.

Сондай-ақ, халыққа ыңғайлы болу үшін ӨКМ Операторы ҚР энергетика Министрілгімен және Республикалық нотариалдық палатамен бірлесіп, көлік құралын жоюға өткізугесенім білдіру жөніндегі ортақ үлгі енгізетін болады. Және де ӨКМ Операторы "Қазпошта" АҚ (жеке және заңды тұлғаларға есептік шот ашу үшін) келісімге қол жеткізді. 2017 жылдың 4 мен 15 қаңтар аралығында электронды кезек жүйесі енгізіліп, ескі көліктерді жинайтын мобильді бекет кестесі жасалады. Сондай-ақ, ескі көліктерді қабылдау және бағалу жұмысы жетілдіріледі.

Айта кетейік, 2016 жылдың 21 қарашасынан бастап жүзеге асырылған пилоттық жоба аясында еліміз бойынша 4774 ескі көлік қабылданды (21 қараша мен 27 желтоқсан аралығында).

Ескі көліктерді қабылдау бойынша Шымкент қаласы көш бастады. Бір айдан астам уақытта аталған қаладан - 661 автокөлік жиналды. 672 көлік өткізген Қостанай екінші орында. 412 машина тапсырған Ақтөбе қаласы үштікті түйіндеген.  

Сондай-ақ, баспасөз мәліметінше, жою мақсатында қабылданған автокөліктердің орташа жасы 25-30 жыл аралығын қамтиды. Тозған көліктерді өткізуді ынталандыру Бағдарламасы іске қосылғалы бері қабылданған 4772 көлік бірінші санат (150 мың теңге) бойынша бағаланды. Тапсырылған көліктердің арасында тек 2 автокөлік екінші санатқа (48 мың теңге) жатқызылған.

Айта кетейік, осыған дейін Қазақстанда ескі көліктерді өткізу барысын жеңілдетудің жоспарланғаны хабарланған болатын. ӨКМ операторы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетімен біріге отырып, жоюға арналған көліктерді есептен шығарудың бірыңғай формасын келісу мен бекіту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, тұрғындарға қолайлы болу үшін ӨКМ операторы ҚР Әділет министрлігімен және Республикалық нотариалды палатасы ескі көлікті өткізуге арналған бірыңғай сенімхат енгізеді. Аталған өзгерістер ескі көліктерді өткізу барысын жеңілдетеді. 

 

kaz.tengrinews.kz