Негізгі бет  /  мақалалар  /  Сириялық босқындар түрік әскерін толықтыруы мүмкін

Сириялық босқындар түрік әскерін толықтыруы мүмкін

Айқын-ақпарат
932
Сириялық босқындар түрік әскерін толықтыруы мүмкін Түркияда ел ауғамындағы сириялық босқындарды, яғни, сириялық ер-азаматтарды осы мемлекеттің әскер қатарына шақыру турасында бастама көтеріліп, қоғамда қызу талқыланып жатыр қазіргі уақытта.

 Тіпті, осы мақсатта арнайы онлайн-петиция да ұйымдастырылғанын  айта кету керек. Саусақпен санарлық бірнеше күннің ішінде бұл бастаманы жақтап, 260 мыңнан аса адам дауыс берген. Егер жақтап дауыс берушілердің қарасы 300 мыңға жетсе, онда петиция Түркия Қарулы күштерінің бас штабына жіберіледі. Бас штаб өз кезегінде тиісті шешім қабылдайды. Егер аталмыш бастама билік тарапынан да, қоғам тарапынан да қолдау тапса, онда 18-45 жас аралығындағы, денсаулығында кінәрат жоқ сириялық ер-азаматтардың Түркияда әскери борышын өтеуі міндетті болмақ. Сириялық босқындардан жасақталған әскер астан-кестеңі шыққан өз отандарында Түркия мүддесі тұрғысынан соғыс қимылдарын жүргізуі де әбден мүмкін.  Айта кетейік, Түркия аумағында 3 млн-дай сириялық босқын бар. Түркия қарулы күштерінің отқа оранған Сирия аумағында бастаған әскери операциясы басталған кезден бері түріктің 37 жауынгері қаза тапқан болатын. 

 

islam.kz