Негізгі бет  /  мақалалар  /  Күн тәртібінде - қазақтың қолөнері

Күн тәртібінде - қазақтың қолөнері

Айқын-ақпарат
1207
Күн тәртібінде  - қазақтың қолөнері Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі кеңестің бұл жолғы отырыстың күн тәртібіне, қазақтың қолөнері, зергерлік өнерін дамыту,  насихаттау  мәселелері  талқыланды. 

Жиынға кеңес мүшелерімен бірге облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Нұржан Өмірсерікұлы, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Тарихи мәдени мұра, музей және кітапхана» бөлімінің басшысы  Жанар  Нұржақыпова, облысымыздағы ұлттық қолөнердің қолдаушылары мен дамытушылары сондай-ақ  БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртбіндегі мәселе бойынша облыстық тарихи - өлкетану музейі директорының орынбасары Жаннат Ахметова хабарлама жасап, ұлттық құндылықтарымызды шетелдік туристер арасында насихаттау бағытында ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесінің маңыздылығына  тоқталды.  

Кеңес мүшелері талқылаулар қорытындысы бойынша қолөнерді қолдау  және кең көлемде насихаттау бағытында тиісті органдарға ұсыныстар беруге шешім қабылдады.

Отырыс барысында Кеңес төрағасы Ибадулла Құттықожаев  мәдениет пен өнерді дамыту бағытындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда, кеңес мүшелерінің ұсыныстары оң нәтиже беріп отырғандығын айтты. «Мирас» қоғамдық кеңесі енді тек мәдениет пен өнер және тіл саясатын жетілдіру бағытында ғана емес, қазақстандық қоғамдағы бірлікті және келісімді сақтау жөніндегі жұмыстар бойынша да ұсыныстарды жинақтайтынын атап өтіп,  кеңес құрамына Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Уәлихан Ибраевпен  «Қызылорда облыстық түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі  жетекшісі  Гүлчін Гейдарованы қабылдады.

Сондай-ақ қоғамдық кеңес құрамы «Мәдениет пен өнер»,«Тіл саясаты жетілдіру» және «Қазақстандық қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтау» секілді  негізгі 3 бағытқа бөлініп,  аталмыш топтарға жетекшілер тағайындалды.  Кеңес құрамының дауысымен «Мәдениет пен өнер» бағыты бойынша тобы жетекшілігіне кеңес мүшесі - Облыстық филормония директоры Талғат Мақашов, «Тіл саясатын жетілдіру» саласы бойынша  топ жетекшілігіне кеңес мүшесі - Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Қорқыттану және өлке тарихы» Ғылыми зерттеу институты директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Бағдат Кәрібозұлы және «Қазақстандық  қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтау» бағыты бойынша топ жетекшілігіне - «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік  мекемесінің  директоры Уәлихан  Ибраев сайланды.

Жиын соңында  «Мирас» қоғамдық кеңесінің 2017 жылға арналған жұмыс  жоспарының  жобасы қаралып, бір ауыздан бекітілді.

Миуа БАЙНАЗАРОВА,

Қызылорда