Негізгі бет  /  мақалалар  /  Фейсбук арқылы туған күнге бірнеше мың адам жиналған

Фейсбук арқылы туған күнге бірнеше мың адам жиналған

Айқын-ақпарат
866
Фейсбук арқылы туған күнге бірнеше мың адам жиналған Мексикада Руби Гарсияның 15 жасқа толған туған күні (кәмелетке жасқа толуы) үлкен гала-концертке ұқсап өткізілді, ашық аспан астындағы би алаңында мыңдаған қонақтар жиналып, БАҚ өкілдері осы жерден хабар таратты.

 Қыз бала аса танымал емес және ата-анасы да ауқатты кісілер емес.

Тек оның әкесі туған күнді атап өтуге достары мен көршілерін Фейсбук арқылы шақырған. Алайда оның видео шақыруын жүз мыңнан астам адам тамашалады.

Роликте қыздың әкесі «барлық жұртты сауық кешке шақырдым» дегенін желі пайдаланушылары қаз қалпында ұққан, деп хабарлайды Mashable.
 

Осы шақыру Мексикада өте танымал болып кетті. Миллиондаған адамдар кешке міндетті түрде қатысатынын мәлім еткен. Флешмобқа жергілікті жұлдыздар да үн қосып, тіпті бір әуе компаниясы қыз тұрып жатқан Сан-Луис-Потоси қаласына арнайы рейс ұйымдастырып, оған жеңілдік жасаған. Ол бағдардың ұранын «Сен де Рубидің туған күніне барасың ба?» деп таңдап алған.



Бастапқыда аталмыш отбасы сауық кештің осыншама жария болып кеткенінен сескеніп, роликті көпшілік тамашалай алмайтын етіп өзгерткен. Алайда кейін райларынан қайтып барша қонаққа ранчоларының есігі ашық екендіктерін жеткізген.

Ақырында тойға бірнеше мың адам қатысты. Сол маңды полицейлер күзетіп, жедел жәрдем қызметі кезекшілік етті. 

 

ҚазАқпарат