Негізгі бет  /  мақалалар  /  Лукашенко саммитке неге келмеді?

Лукашенко саммитке неге келмеді?

Айнұр Қазыкенова
499
Лукашенко саммитке неге келмеді? Ресейдің Санкт-Петербург қаласында Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы және Еуразиялық экономикалық одақтың мемлекет басшылары қатысқан саммиті өтті.

 Жыл қорытындысы   таразыға тартылып, алдағы жылдың  жоспары безбенге салынатын  саммитке Қазақстан, Қырғызстан,  Ресей және  Армения   мемлекет басшылары  қатысты. Ал алқалы жиынға  Беларусь   елінің президенті  Александр Лукашенко  келмеді.  Неге?  
 «Беларусь біздің жақын одақтасымыз. Олар барлық халықаралық істерде, сауда-экономикалық ынтымақтастықта аса маңызды әріптестеріміздің бірі. Беларусь халқы ресейліктермен бірге аза тұтып жатқанын аса жоғары бағалаймыз. Бұл өте маңызды, бұл біздің  ара қатынасымыз бен одақтың деңгейін тағы бір мәрте дәлелдей түсті», - дейді ол. Бұл  РФ президенті  баспасөз хатшысының жұмсартып айтқаны. Шынтуайтында,   себеп басқа секілді. «Соңғы  бірер жылда Беларус пен  Батыс  елдері арасында  жылымық орнады. АҚШ  бастаған алпауыттар  Беларусь компанияларына  және билігіне  салған  санкцияны алып тастады. Инвестиция  келе бастады. Бұл ресми  Минскіге  біраз ой  салды. Бұл  бір. Екіншіден,  жаңадан әзірленген  ЕАЭО-ның Кеден кодексіне  Лукашенконың көңілі  толмады. Өйткені Кедендік  кодексте оған қатысушы  елдердің мүддесі қорғалмаған. Үшіншіден, Александр  Лукашенконың ойынша, Еуразиялық экономикалық одаққа  мүше  болу Беларуссияға ешқандай  пайда  әкелмеген. Керісінше  сауда айналымы  төмендеп кеткен. Осының өзі Лукашенконың  ЕАЭО -қа  көзқарасын түпкілікті  өзгеруіне  әкеліп соқтыруы мүмкін. Ресей  мен Беларус арасында экономикалық сауда - саттық саласында  кейбір  түсініспеушілік  бар. Ресми Минск Мәскеуден көптеген  тауарларға  жеңілдік жасауын сұраумен келеді. Бірақ Ресей тарапы бұған  иліккісі жоқ. Осыған өкпелеген Лукашенко  қазір бетін Еуропаға  қарай  бұра бастады. Саммитке  келмеуі  Ресейге көрсеткен  қыры» деседі. Мүмкін.