Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қытай тұрғындары ғажайып табиғат құбылысына куә болды

Қытай тұрғындары ғажайып табиғат құбылысына куә болды

Айқын-ақпарат
1135
Қытай тұрғындары ғажайып табиғат құбылысына куә болды Қытайдың Ішкі Моңғол автономды өлкесінің Шилин-Гол елді мекенінде 26 желтоқсан күні кешкі уақытта болған ерекше табиғат құбылысын Қытай ақпарат құралдары жарыса хабарлауда.

Шилин-Гол тұрғындары кешкі сағат 19:00-ден бастап екі жарым сағат бойы жалғасқан ғажайып құбылысқа куә болған.

Қытай ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл табиғи құбылыс Қадау жарық немесе жарық діңгегі (日柱/光柱) деп аталады,Шилин-Голдегі ауа температурасы осы құбылыстың пайда болуына сайма-сай келген.


null  

Қадау жарық - күн шыққанда не болмаса батқан кезде пайда болатын түзу діңгек пішінді жарық құбылысы. 6 бұрышты жалпақ мұз кристалдары және су тамшылары күн көкжиектен 20° биік болғанда осындай қадау жарық шығарады. 



null 

null  

ҚазАқпарат