Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ең үздік қақпашы – Нойер

Ең үздік қақпашы – Нойер

Ғалым СҮЛЕЙМЕН
970
Ең үздік қақпашы – Нойер Халықаралық футбол тарихы мен статистикасы федерациясының (IFFHS) таңдауы бойынша Германия құрамасы мен Мюнхеннің «Бавария» клубының мүшесі Мануэль Нойер қатарынан төртінші жыл әлемнің ең үздік қақпашысы атанып отыр.

30 жастағы Гельзенкирхен қаласының тумасы 2009 жылдан бері Германия ұлттық құрамасының қақпасын қорғауда. Оның алдында ол жасөспірімдер мен жастар командасы сапында жасындай жарқыраған. Клубтық карьерасын «Шальке-04» клубында бастаған Мануэль кейіннен «Баварияға» ауысты. Сол командалардың сапында көптеген толағай табыстарға қол жеткізді. 2011 және 2014 жылдары Германияның ең үздік футболшысы деп танылса, 2014 жылы әлем чемпионатының ең үздік қақпашысына тиесілі арнайы сыйлықты иеленді.

Биылғы жылдың үздіктерін анықтау барысында Мануэль Нойер 156 ұпай  жиып, бас жүлдені иеленді. Италия құрамасы мен «Ювентустың» қақпашысы Джанлуиджи Буффон екінші орында қалып қойса, үшінші сатыға Португалияның «Спортинг» клубының ойыншысы Руй Патрисиу табан тіреді.