Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ұлттық қордан бөлінген қаражат тиісінше жұмсалған

Ұлттық қордан бөлінген қаражат тиісінше жұмсалған

Айқын-ақпарат
1046
Ұлттық қордан бөлінген қаражат тиісінше жұмсалған Астана қалалық мәслихатындағы «Нұр Отан» партиясы фракциясының жанынан құрылған комиссиялардың отырысы өтті.

Мұнда Мемлекет басшысының қазы­на қаржысы мен «Нұрлы жол» бағдар­ла­ма­сын жүзеге асыруға Ұлттық қордан бө­­лінген қаражаттың тиімді жұмсалуына пар­­тиялық бақылауды күшейту туралы тап­сырма бергені және оның жүзеге қалай асы­рылып жатқаны баяндалды.
Қалалық мәслихаттағы «Нұр Отан» пар­тиясы фракциясының жетекшісі Гай­дар Қасенов партиялық бақылау жүргізу үшін 4 комиссия құрылғанын, олар мем­лекеттік бағдарлама аясында бой көтеріп жат­қан түрлі нысандарды тексеріп, көш­пе­лі отырыстар өткізгенін атап көрсетті.
– Мемлекеттік бағдарламаларды орын­дап жатқан әкімгерлермен, мерді­гер­лермен конструктивті сұхбат жүргізіл­ді. Бүгінге дейін 26 кездесу ұйымдастырыл­ды. Екі рет фракция депутаттары мен Сая­си кеңес бюросы мүшелерінің оты­рысы өтіп, онда жергілікті атқарушы би­­лік басшылары мен бағдарлама әкім­гер­лерінің есебі тыңдалды.
Бірінші желтоқсандағы мәлімет бойынша, бақылаудағы 46 нысанның бі­реуі тапсырылып, 18 ғимаратта жөндеу жұ­мыстары аяқталды. 7 нысан тапсырылу мер­зімінен кешікті. Ал 19 нысан қара­жат­ты тиісінше игерсе, 2 нысан мемлекеттік сатып алу кезінде 0,9 млн теңге үнем жа­са­ды, – деді ол.
Оның айтуынша, 13 нысанға қатысты мін­деттеме 100 пайызға орындалса, 11 ны­санға қатысты атқарылған жұмыс­тар­дың құжаттары әлі ұсынылмаған.
– Барлық нәтижелерді сараптай келе, ко­­миссия мүшелері Ұлттық қордан бө­лін­­ген қаражаттың тиісінше жұм­сал­ға­ны­на көз жеткізді. Нысандардың 60 пайызы биыл дайын болады. Қалған­да­рының құры­лысы алдын ала жасалған жос­­парға сәй­кес, 2017 жылы аяқтала-
ды, – деп қо­рыт­ты қалалық мәслихаттағы «Нұр Отан» партиясы фракциясының жетек­шісі.