Негізгі бет  /  мақалалар  /  Cауаттылық сөз болды

Cауаттылық сөз болды

Айқын-ақпарат
904
Cауаттылық сөз болды «Нұр Отан» партиясы Павлодар аудандық филиалында партияның облыстық филиалының жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Отырыс барысында 2016 жылы өңірдегі Ұлт жоспары – «100 нақты қадамның» «Біртектілік және бірлік» атты IV бағытының және ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай шаралар жоспарының жүзеге асырылуы жан-жақты талқыланды.

Облыстық тілдерді дамыту басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Кө­ки­наның жеткізген мәліметтеріне сәйкес, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тап­сырмасын орындау аясында қазіргі кез­де облыс тұрғындарының арасында мем­лекеттік тілді игергендер үлесі 78%-ды құрайды. 
«Үш тілді: қазақша, орысша және ағыл­шыншаны бірдей меңгерген адамдар үлесі – 14%. Облыста 21 тіл орталығы қыз­мет етуде. Олардың 13-і мемлекеттік тіл­ді оқытса, 19 – ағылшын тілін, 7-еуі өз­ге тілдерді оқытуда. 2017 жылы үш­тіл­ді тұрғындар үлесін 17%-ға жеткізу жос­­парлануда» деп хабарлады Г.Көкина. 
Еліміздің елді мекендерінің көше­ле­рін­де сауатсыз рәсімделген маңдайшалар мен өзге де қате сыртқы ақпарат кез­де­се­ті­ні жа­сырын емес. Отырыс кезінде маң­дай­шалардың сауатты рәсімделуін қа­дағалау жөніндегі мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен рейд­тік шара­ларды қолға алу керектігі туралы ұсы­ныс айтылды. Қатысушылар бұл бас­таманы қолдады.
Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында славян мәдени орталығының «Дар Рос­сии» қоғамдық кітапханасының сақ­тау­шысы Наталья Колодинаның баян­дама­сы тыңдалды. Н.Колодинаның сөзіне қа­рай, есептік кезең ішінде буккроссинг, «Солнце русской поэзии», кітаптарды дауыстап оқу секілді шаралар өткізілді. 
Шара соңында партияның облыстық филиа­лы тө­рағасының орынбасары Жұлдыз Тәй­ке­баева қоғамдық кеңес мүшелері актриса Тал­жібек Атамбек және ақын Ольга Гри­горьеваға алғысхат та­быстады.