Негізгі бет  /  мақалалар  /  БАРЛЫҚ МӘСЕЛЕ БАҚЫЛАУДА

БАРЛЫҚ МӘСЕЛЕ БАҚЫЛАУДА

Айқын-ақпарат
891
БАРЛЫҚ МӘСЕЛЕ БАҚЫЛАУДА «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалында тұтынушылардың құқын қорғау департаментінің басшысы Ғазез Сүлейменов қабылдау өткізді.

Қабылдауға 4 азамат келіп, өздерін толғандырған сауалдарын жолдады. Сауалдар, негізінен, тұтынушы мен өндіруші арасындағы дауға қатысты болды.
– Мен уақыты өткен қаймақ жеп, уланып қалдым. Қаймақтың сақталу мерзімі жойылған екен. Бұл мәселе бойынша өнімді өндіруші еш жауапқа тартылмады, – дейді кездесуге келген Денис Крюков.
Қабылдау жүргізген  Ғазез Сүлейменов барлық мәселені қатаң бақылауға алып, жағдайдың мән-жайын анықтайтындығын айтты.