Негізгі бет  /  мақалалар  /  Тұрғындар оң баға берді

Тұрғындар оң баға берді

Ерман ӘБДИЕВ
1033
Тұрғындар оң баға берді Қордай ауданы Сортөбе ауылдық емханасының мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Қордай аудандық мәслихат депутаттарының халық алдында атқарылған жұмыстар туралы қоғамдық тыңдауы өткізілді.

Отырыс барысында мәслихат депутат­тары халық алдында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Қордай аудандық мәс­ли­хатының №4 Бұлар батыр сайлау окру­гінен сайланған депутат, Сортөбе ауылдық ем­ханасының бас дәрігері Татьяна Апаева жыл ішінде атқарған жұмыстары жайлы ауыл тұрғындары алдында кеңінен әң­гі­ме­ле­ді. Кездесу барысында ауыл тұрғыны К.Бьянху ауыл орталығындағы көшелерге кө­ліктің жылдамдығын азайту белгілері қойылса деген ұсынысын айтса, А.Чан­шан­ло көшелерді асфальттау жұмыстарын жал­ғастыруына ықпал етуді сұрады. Ауыл кә­сіпкері Д.Гейсыр кафесін кеңейтуге жеңіл­детілген несие алуға ықпал етуді сұра­ды. Ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап бере отырып, аудандық мәслихаттың №3 Сортөбе сайлау округінен сайланған депу­тат, Сортөбе ауылы №16 орта мектебі­нің директоры Гашим Джинлир осы мәсе­ле­лер бойынша тиісті іс-шаралар жос­пары­ның жасалатынын айтты.Шара барысында атқарылатын жұмыстарды айқындап, бер­­ген тапсырмаларын жүзеге асыру жол­да­рын жан-жақты зерделеп, талқылады. Со­нымен қатар азаматтар тарапынан қойыл­­ған сұрақтарға жауаптар беріліп, есеп негізінде өтініштер ұсынылды. Сор­төбе ауыл округінің тұрғындары депутат­тарының есебіне оң баға берді.