Негізгі бет  /  мақалалар  /  Жастар жарқын болашаққа сенеді

Жастар жарқын болашаққа сенеді

Айқын-ақпарат
1037
Жастар жарқын болашаққа сенеді «Нұр Отан» партиясының ОҚО Төлеби аудандық филиалы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Мәңгілік елдің жастарымен жарқын болашаққа» атты аудан жастары мен жас депутаттар арасында кездесу ұйымдастырды.

Басқосуда алғашқы сөзді алған «Нұр Отан» партиясы Төлеби аудандық филиалы тө­рағасының бірінші орын­басары Қ.Қан­сейітов қазақ елінің қа­шанда еркіндікті, бос­­тандықты аңсап қана қоймай, тәуелсіз­дік жолында күрес­кен халық екенін атап өтті. 
– Тәуелсіздігімізге қол жеткіз­ген­нен кейін оны сақтап қалу үшін және ел ішінде алауыздықты болдырмау мақ­сатында ха­лық­қа біртұтас идея, ал­ға жұмылдыратын ба­ғыт, мақсат-мұ­рат керек болды. Елба­сы­мыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандық жол – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір бола­­шақ» атты Қазақстан халқына Жол­дауында. Қа­зақстан үшін бұл ға­сыр жасампаз ғасыр, жаңару ғасыры, дәуірлеу ғасыры болаты­ны­на сенім­ділігін білдірді. «Қазақстан – 2050» – Мәңгілік елге бастайтын ең абы­рой­лы, ең мәртебелі жол екенін атап өтті, – деді Қ. Қансейітов. 
Ал аудандық мәслихаттың депутаты Х.Әшірбеков осы уақыт аралығында жет­­кен барлық жетістіктер мен табыс­тар ең алдымен Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің же­місі екенін атап өтті. «Санаулы уақытта елі­міз егемен мем­лекет ретінде қалыптасты деп мақта­ныш­пен айта аламыз. Ендігі тіле­гіміз – Елбасының стратегиялық бағытын бағдар еткен тәуелсіздігіміздің тұғыры­ның мәңгілік болуы. Тәуелсіздік ме­рей­тойының қар­саңында қабылда­ған Қазақстан Рес­пуб­ликасы Тәуелсіз­ді­гінің 25 жылдығы дек­ла­рациясы – даңғыл жолға бет бұрған, сын-қатерге шеп құрған егемен еліміз үшін ерекше маңызды саяси құжат. Асыл баба­лары­мыздың мұраты – Мәңгілік ел өсиетін ұлт Көшбасшысы Н.Назарбаев ға­сырлар тоғысында жалпыұлттық идея­ға ұластырды. Оны жүзеге асыру және оның мызғымас іргетасын қалауға қа­тысу – баршамыздың қасиетті боры­шымыз, болашақ алдындағы мерейлі міндетіміз» деді мәслихат депутаты. 
Жастармен кездесу барысында «Жас Отан» ЖҚ-ның төрағасы Қайрат Қып­­­ша­қов Ұлт жоспары «100 нақты қа­­дам» төңі­ре­гінде сөз қозғады. «Бү­гін­гі таңдағы жас ма­ман – осы істің бас­­тамашысы, жана­шыры. Осы орайда ат­қа­рылған жұмыс та аз емес. «Жас Отан» жастар қанаты жастар­дың аза­маттық бастамаларын, рухани-адам­гер­шілік, зияткерлік, отансүйгіштікті қа­­лыптастыру жолында жұмыс істеп ке­­леді. Атқарылып жатқан жұмыс­тардың бар­лығы да жарқын, берік болашаққа қа­рай нық қадам жасауға жаңа серпін береді» де­ді ол. 
Кездесу аясында ауданның жас де­пу­таттары мен белсенді жастар Ұлы Отан со­ғысының ардагерлері мен аудан­дағы тұр­­мысы төмен отбасыларға ме­рекелік сый-сияпат жасады. 

Назгүл НАЗАРБЕКОВА, 
Оңтүстік Қазақстан облысы