Негізгі бет  /  мақалалар  /  Тауық жылы таңғалдыра ала ма?

Тауық жылы таңғалдыра ала ма?

Жолдасбек Дуанабай
1775
Тауық жылы таңғалдыра ала ма? Санаулы күндерден кейін бүкіл әлем жаңа жылға аяқ басады.

Алайда Тауық жылының қандай тосын сый ұсынып тұрғанын ешкім білмейді, дөп басып айта алмайды. Ғылымда ғажайып жаңалықтар ашылуы мүмкін, бірақ табиғат апаты мен зұлмат соғыстарды ешкім болжап бере алмайды. 
Жұлдыз жорамал осы жылы туғандардың тік сөйлейтін, дыз етпе мінезі барын айтады. Бірбеткей олар өз ортасында соншалықты қымсына бермейді, өз әрекеттерін дұрыс деп санайды. Ойындағысын сабырға жеңдіре алмайтын тауықтардың тілінің ұшындағыны айта салатын әдеті бар. 
Тауық жылы туғандар «дипломатиялық   мінезден» жұрдай. Өз әдетімен, мінезімен жақын достарын «аяғынан тік тұрғызып» жүруге әуес. Есесіне былық-шылықтан аулақ жүретін туықтардың бала секілді сеніп, кейде алданып қалатын  әдеті де бар. 
Бұл жылы дүниеге келгендер өзгелердің назарын аударып, ортаның гүлі болуға құштар. Егер сіз оны құптап, сөзбен демеп қойсаңыз, ол өзін бақытты сезінеді, сыртынан күлетіндерді де елемейді. Мұның өзі оны өзін өзі бағалауды қажет етіп тұрса да, оның өркөкіректігі, өзіне шектен тыс сенетіндігі, эгоистік мінезі ештеңеге мойын бұрғызбайды.
Батыл да өр мінезді олар аса қажет кезде батыл шешімдер қабылдай алады. Сондықтан олардан мықты сарбаздар да шығып жатса таңғалуға болмайды. 
Тауықтардың бала кездегі армандарының бірі - жеке бостандығының болуы, жеке өмір сүруге құштарлық. Үнемі өзінікін дұрыс санайтын тауықтар қалаған ісімен айналысуға құштар келеді. Өзгеге сене бермейді, өз қалауын жасауға бейім. Алайда өзгелерге ақыл айтып, кеңес беруге келгенде нағыз жомарт жан. Қаражаттан қысылып жүретін тауықтардың өмірі жоқшылыққа ұшырауға бейім екен. 
Тамыр-таныстары оларды туабіткен тұлғалар қатарына қосады. Тауық жылы туған ерлер әйелдер көп ортаны ұнатады. Сол жерде ойқастып жүруді, әйелдерді сынып, оларға қызмет көрсетуді жаны сүйеді. Ал, Тауық жылы дүниеге келген арулар ерлер көп ортаны ұнатады. Мұндай жерде әйелдер өзін еркін сезінеді. 
Өзгелермен тіл табысуға құштар тауықтар ортаға бейімделуге келгенде алдына жан салмайды. Мақсатты тірлігі мен сенімге беріктігі өзгелердің басын айналдырып алады. 
Бұл жылы өмір есігін ашқандарды табыс пен олжа айналсоқтап жүреді. Тек соны сезіп, ұтымды пайдаланғандар ғана табысқа кенеледі. Олар қарттық кезеңдерін сәтті өмір сүруге арнайды. 
Тауықтар мамандық таңдау жағына келгенде басшылық қызметке тым әуес келеді екен. Өйткені олардың бойында батылдық басым, жүйкесі мықты, тәртіп жағына мығым. 
Қытай жұлдыз жорамалы әр шығыс белгісінің арғы жағында адам тағдырына әсер ететін құбылыс тұрғанын айтады. Сондықтан Тауық жылы туғандар жылды жақсы қарсы алуы керек. Бұл жылдың түсі -қызыл. Мұны мамандар үздіксіз қозғалыспен, өмірлік қуатпен, биікке ұмтылу және табысқа кенелумен байланыстырады. 
Қызыл түс - махаббаттың белгісі. Бұл орайда романтикалық кездесулердің көп болатындығын да жұлдызшылар жұрт жадына салып жатыр. Жарасымды жұптар көбейіп, жалғызіліктілер жартысын табады. 
Тауық жылы - 1909, 1921, 1933, 1945, 1957, 1969, 1981, 1993, 2005, 2017, 2029 жыл. Бұл жылы даңқты сарбаздар дүниеге келген.  
Энрико Карузо, Ив Монтан, Мишель Пфайфер, Редьярд Киплинг, Сомерсет Моэм, Рихард Вагнер секілді өнер адамдары мен король Непала Би-рендра, император Японии Акихито секілді саясаткерлер де осы жылы өмірге келгендер. Әрине мәселе Тауық жылында да болмас. Бірақ әр жыл есік ашқан сайын адамзаттың күтетіні - тыныштық пен береке. Бұл қазақ қауымы үшін де қастерлі. Сондықтан табалдырық аттағалы тұрған Тауық жылы Қазақстанда қайратты азаматтар, мерейлі отбасылар көбейіп шаңырақтар шаттықтан арылмасын!