Негізгі бет  /  мақалалар  /  Америкасыз –ақ әлемді реттеуге болады

Америкасыз –ақ әлемді реттеуге болады

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1155
Америкасыз –ақ әлемді реттеуге болады Осыдан бірнеше күн бұрын Иран, Түркия және Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Сирия дағдарысын реттеуге байланысты кездесу өткізгені белгілі.

Бұл  кездесуге мән бермей-ақ қоюға болар еді. Бірақ ең бір назар аударарлық нәрсе, аталған кездесу АҚШ-сыз өтті. Дәл осы мәселе, Ақ үйдің саясатын жақтайтын  журналистер мен саяси сарапшылардың шымбайына қатты батса керек, қазір америкалық БАҚ пен интернетке тақырып табылып жатыр. «Ресей Америкасыз-ақ әлемдегі жағдайды реттеуге болатынын бүкіл жұртшылыққа мәлім етті» деп жазды олар. Шын мәнінде солай ма? Ол жағын уақыт көрсетер, бірақ анығы, Сирия аймағында үлкен мүддесі бар үш мемлекет қазіргі өліра кезеңді тиімді пайдаланып қалуға тырысуда. Өйткені, Барак Обама Ақ үйдегі қызметінен кетіп бара жатыр, ал әлі жеңістің буына масаттанып жүрген Дональ Трамп ғаламдағы геосаяси мүддені әлі терең сезіне алған жоқ.

Bloomberg агенттігінің сарапшысы Леонид Бершидский өз мақаласында «АҚШ енді  әлемде ықпалы мен сөзі өтетін ғаламдық держава емес, мұны үш елдің Сыртқы істер министрлерінің кездесуі айқын көрсетті» деп жазды. Анығында, солай ма, жоқ әлде, мәселе басқада ма? Оны уақыт көрсетер. Десек те, Сирия дағдарысын реттеуде Ресей Түркия, Иран мүддесінің басқалардан биік тұрғаны ол енді ақиқат.