Негізгі бет  /  мақалалар  /  Мықты вакцина әзірленді

Мықты вакцина әзірленді

Айқын-ақпарат
939
Мықты вакцина әзірленді Адамзат баласы үшін аса қауіпті Эбола індетіне қарсы сынақтан өткен вакцинаның нәтижесі 100 пайыз сәтті шықты. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді.

.

Екпе ауру өте көп тараған үш елдің бірі саналатын Гвинеяның 6 мыңға жуық тұрғынына салынған. Сынақ қорытындысы бойынша, олардың бірде-бірінен індет белгілері табылмады. Ал екпе салынбағандардың арасынан 23 адам вирусты жұқтырғаны белгілі болды. Эбола індетіне қарсы вакцинаны Канаданың денсаулық сақтау министрлігі ойлап тапқан. Айта кеткен жөн, Эбола індетін жұқтырғандар әсіресе Батыс Африка елдерінде жиі кездеседі. 2013 пен 2016 жалдар аралығында осы дерт кесірінен 11 мыңнан астам адам қаза тапты.

«Хабар 24».