Негізгі бет  /  мақалалар  /  ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ САПАСЫ АРТАДЫ

ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ САПАСЫ АРТАДЫ

Айқын-ақпарат
1066
ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ САПАСЫ АРТАДЫ Алматы қаласында 2016 жылғы 22 қарашада медициналық қызмет сапасын арттыру үшін Денсаулық сақтау басқармасы өткізіп жатқан сапа айлығы басталды.

 Қаланың туберкулезге қарсы қызметі медициналық қызмет сапасын арттыру үшін және пациенттердің қажеттілігіне бейімделген бірқатар іс-шаралар өткізеді.

Алматы қаласындағы «Ау­данара­лық туберкулезге қарсы күрес диспансері» 2011 жылдың басында қалыптасты. Диспансерді 2014 жылдан бастап тәжірибелі фтизиатр-дәрігер және денсаулық сақтау саласын ұйымдастыру ма­гистрі Жанар Сәпиева басқарып келеді. Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 31 тамыздағы №3/421 «Алматы қаласының денсаулық сақтау субъектілерін қайта ұйым­дастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес бар­лық туберкулезге қарсы диспан­серлер 2016 жылдың қараша айын­да қаржыландыруды және ре­сурстарды үнемдеу және олар­ды тиімді пайдалану мақсатында бір заңды тұлғаға бірікті. Қаланың туберкулезге қарсы күрес қыз­метін оңтайландыру әкімшілік-шаруашылық бөлімі және оларды ұстау бойынша бюджетті үнемдеу бойынша штатты қысқарту ар­қылы экономикалық тиімді нә­тиже құруға мүмкіндік береді. Бөлінген қаржы негізгі іс-шара­ларды атқаруға бағытталады: олар – фтизиатрия бойынша жас мамандарды бастапқы дайындау, бейәлеуметтік бейімсіз науқас­тарды емдеуде тікелей бақылан­балы мобильдік топтарды ұйым­дастыру, молекулярлық-генети­калық зерттеулерге реагенттер мен реактивтерді сатып алу. Ау­данаралық туберкулезге қарсы күрес диспансері 2016 жылға бак­терия бөлмейтін туберкулезбен науқастарға арналған 70 төсекті қысқартты және осы кезеңде сезгіш, мультирезистенттік, ау­қымды дәрілік тұрақтылық тү­рімен науқастарға Алтай-2 ықшамауданы, Намаган көшесі, 19 үй мекенжайы бойынша орна­ласқан ғимаратта тәулік бойғы 240 төсек орны бар бөлімше және өкпе-хирургиялық бөлімшесі бар, мәжбүрлеп емдеуге арналған 18 төсек орын бар, симптоматикалық емдеуге арналған 12 төсек және күндізгі стационарға арналған 20 төсек, сонымен қатар 2-Гончарная көшесі, 21 а бойынша ғимараттың күндізгі стационарында 40 төсек бар. 
Халыққа туберкулезге қарсы көмек көрсетуде МСАК және ту­беркулезге қарсы қызметті бі­ріктіру, туберкулездің ерте диаг­ностикасы, қауіп тобын уақы­тында профилактикалық тексеру мәселелері бойынша үнемі мо­ниторинг жүргізу және тубер­кулез науқастарын амбулатория­лық емдеуді кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2016 жыл­дың 11 айында 30,1% туберку­лезбен науқас амбулаториялық емделуде болды. 2015 жылмен салыстырғанда өсім 85%-ға жетті. МСАК-та туберкулезге қарсы көмекті мониторингілейтін ғана емес, емдеу желісін жалпы оқытуды мониторингілейтін топ жұмыс істейді. Туберкулез бойын­ша Орталық-дәрігерлік кеңес комиссиясының жұмысына МСАК мамандары да қатысады (аудит дәрігерлері және учаскелік терапевтер), осы қызметті бірік­тіруге сонымен қатар диагнос­тика, амбулаториялық емдеуді ұйымдастыру, жұмыстағы ақау­ларды жою мәселелері бойынша тығыз өзара әрекеттестік те мүм­кіндік берді. 
2016 жылы «МСАК мекеме­лері­мен фтизиатриялық қызметті біріктіру» бөлімі бойынша бар­лығы 340 адам – терапевт, 416 адам – ЖТД, 40 адам – педиатр, 55 адам – акушер-гинеколог, 1533 адам – орта медицина қызметкері оқытылды. 
Бұдан басқа, ірі көпбейінді стационарлардың 124 дәрігері туберкулезді ерте анықтау мәсе­лелері бойынша оқытылды. 
Туберкулезді және дәрілік тұрақты туберкулезді емдеу мен диагностикалаудың заманауи тиімді технологияларының қол­жетімділігін арттыру мақсатында зертхана жеткілікті мөлшерде реагенттермен және шығын ма­териалдарымен, оның ішінде туберкулез диагностикасы мен мультирезистенттік туберкулезді емдеудің молекулярлық-генети­калық экспресс тәсілімен қамта­масыз етілді. 2016 жылдың 11 айының қорытындысына сәйкес қала бойынша негізгі эпиде­мио­логиялық көрсеткіштердің тұрақтылығы байқалды: аурулар 19,4%-ға төмендеді және 2015 жылмен салыстырғанда тубер­кулез өлімі 10,0%-ға төмендеді. Мәслихаттың шешімімен МСАК-та амбулаторлық ем алатын ту­бер­кулезбен науқастарды симп­томатикалық препарат­тармен қамтамасыз ету және оларды са­тып алу үшін жергілікті бюджеттен қосымша қаржы бөлінді.
Қазіргі уақытта қалада бірқа­тар туберкулезге қарсы іс-шара­лар үкіметтік емес ұйымдарды белсенді түрде тарта отырып, өткізіледі: 
– ЖИТС, туберкулез және без­гекпен күресу жөніндегі жа­һандық қордың грант бойынша жобасы – «Еңбек мигранттары арасында ТБ, КДК ТБ және ТВ/АИТВ трансшекаралық бақылауға және емдеуге бағытталған іс-шаралар»;
– көптеген және ауқымды дәрілерге көнбейтін туберкулез­бен науқастарды емдеу үшін жаңа туберкулезге қарсы препарат­тарды (бедаквилин және дела­манид) және қайта бейімделген сүйемелдеуші дәрілік препарат­тарды (линезолид, клофазимин және имипенем/циластатин) пайдалану бойынша end TB жо­басы. Жобаны 3 үкіметтік емес ұйымы іске асырады («Партнеры во имя здоровья», «Врачи без границ» және «Интерактивтік зерделеу»). Жоба аясында Алматы қаласының 55 пациенті 2016 жылы жаңа туберкулезге қарсы препараттармен қамтылды. Бұл кезеңде туберкулездің күрделі түрімен сырқат 31 науқас жаңа туберкулезге қарсы препарат­тармен емделді. 2016 жылғы 22 қарашада Ауданаралық тубер­кулезге қарсы күрес диспансеріне және №24 ҚЕ-ға ДДҰ сарапшысы және ҚР ДСМ ТПҰО маманының басшылығымен ДДҰ миссиясы келді, ол жерде жаңа туберкулезге қарсы препараттарды қабылдау бойынша мониторинг және бағалау жүргізілді. 
– ТБ және АИТВ бойынша қызметтер көрсететін мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйым­дар­дың күштерін барынша біріктіру, сондай-ақ еріктілерді тарту жо­лымен бейәлеуметтік детерми­нант­тармен байланысты мәселе­лерді сәтті шешуге арналған «Қа­зақстанда ТБ тоқтатайық!» серіктестігінің қызметі бойынша жоба. Серіктестік Қазақстанның барлық өңірлеріне қызметін кеңейту мүмкіндігімен Алматы қаласында құрылады. Жобаны KNCV үкіметтік емес ұйымы іске асырады. 
– Қазақстанның «Санат әлемі» қоғамдық қоры пациент­терге психологиялық көмек көр­сетуде, туберкулезбен сырқат науқастарды емдеу курсын аяқ­тағанға дейін емделуге ынтасын жоғарылатуда туберкулезге қарсы күрес диспансерлеріне жәрдем­деседі. 
Туберкулезбен науқастарға қатысты стигматизацияны төмен­дету бойынша келесі жұмыстар жүргізіледі:
– пациенттер мен қауым­дастық мүшелерін туберкулезді тиімді бақылауды адвокациялау науқанына тарту. 2016 жылғы 23 маусымда KNCV үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп, туберкулез­бен науқастарға психологиялық-әлеуметтік көмекті ұйымдастыру, консультация беру және байла­нысудың тиімді әдістері бойынша тренинг өткізілді. Тренингке фти­зиатр дәрігерлер, МСАК маман­дары, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер және пациенттер қатысты.
– санитариялық-ағарту жұ­мыс­тары: БАҚ-та, радиода сөз сөйлеу, баспа басылымдарында жарияланымдар жасау. Тубер­кулезге қарсы күрес диспансер­лерінде «Пациент мектебі» жұмыс істейді, ол жерде туберкулезбен ауыратын науқастармен және олардың отбасы мүшелерімен тікелей түсіндірме жұмысы жүр­гізіледі. 
– 2014 жылғы қарашадан бастап Ішкі аудит қызметі құрыл­ды, оның құрамына бас дәрігердің сапаны бақылау жөніндегі орын­басары, босатылған сарапшы дә­рігер, бөлімше меңгерушілері, бө­лімшенің аға мейірбикелері кірді. Сонымен қатар, 2015 жылғы ақпаннан бастап туберкулезбен науқастардың бірнеше айдан бастап жылдап жататын стацио­нардың ерекшелігін ескере оты­рып, пациенттер кеңесі құрылған болатын.
– ресми сайты – mrptd-almaty.kz. Сайтта диспансер басшысы­ның блогы бар. Қазіргі уақытта сұ­рақтар қойып, жауаптарын уақытылы алу бойынша халыққа қолжетімді ету үшін сайттың жұмысын оңтайландыру және жақсарту бойынша жұмыстар жасалуда.
Маңызды мәселелердің бірі туберкулезбен науқастарға амбула­ториялық емдеу кезеңінде әлеуметтік көмек көрсету, бұл туберкулезбен науқастарды ем­делуге ынталандыру және емдеу тиімділігін жоғарылатуға өз үлесін қосады. Алматы қаласының Мәс­лихаты 2016 жылы туберкулезбен науқастарды әлеуметтік қолдау мақсатында 293 науқасқа қаржы бөлді. Сонымен қатар 2016 жыл­дың 11 айында әкімдіктердің, ЖОО, «Қазақстан Қызыл Жар­тыай» үкіметтік емес ұйымы тара­пынан 788 науқасқа 42,4млн теңге сомада көмек көрсетілді. 
Бас дәрігер Ж.Сәпиеваның басшылығымен Ауданаралық ту­бер­кулезге қарсы күрес дис­пансерінің ұжымы сапалы фти­зиатрлық көмекті және санита­риялық-ағарту жұмысын әрі қарай жетілдіруді, қызметке ме­дициналық ғылым жетістіктерін енгізуді мақсатты көздейді. 

Қазима ҚАЖИКЕНОВА,
Ауданаралық туберкулезге қарсы күрес диспансері бас дәрігерінің орынбасары