Негізгі бет  /  мақалалар  /  Әйелдерге емделіңіздер!

Әйелдерге емделіңіздер!

Жолдасбек Дуанабай
887
Әйелдерге емделіңіздер! Гарвард университетінің мамандары 2011 мен 2014 жылға дейінгі аралықта ауруханаларда емделген 1,5 миллионнан астам адамның мәліметтерін тексеріп, өздерін толғандырған сұраққа жауап тапқандай болды.

Сараптама көрсеткендей, әйел дәрігерлердің көмегімен емделген науқастардың ауруханадан шыққаннан кейін де жағдайлары тәуір, өлім қауіпі азайғаны анықталған. Сондай-ақ бір ай аралығында дертпен ауруханаға қайта түсу дерегі азайған.
Мамандар әйел дәрігерлер көрсеткен медициналық көмектің де сапасы жақсы болатындығына көз жеткізген. Егер ер дәрігерлер дәл осылай қызмет көрсетсе жылына шашамен 32 мың адамды өлімнен аман алып қалуға болады екен.
Осыған дейін әйел және ер дәрігерлердің емдеу тәсілі әртүрлі екендігі жиі сөз болып келген еді. Бірақ соңғы зерттеу әйелдердің алға шыққанын айғақтады. Яғни ақжаулықты дәрігерлер науқастарға көбірек көңіл бөліп, жақсы кеңес беріп, алдын ала сақтану шараларын да түсіндіріп отырады. Ерлерге қарағанда сөйлесуге, тіл табысуға бейім. Сол себепті мамандар ендігі жерде әйел дәрігерлер емдеген науқастардың арасында өлім неге сиректігін одан әрі зерттемекші. Мұның өзі науқастардың өлім деңгейін азайтады.