Негізгі бет  /  мақалалар  /  Жемқорлықтың алдын алуға болады

Жемқорлықтың алдын алуға болады

Айқын-ақпарат
906
Жемқорлықтың  алдын алуға болады

Облыс орталығынан шалғай жатқан Мойынқұм ауданы Көкжелек ауылындағы Б.Момышұлы атындағы орта мектепте «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбына білім беру қызметкерлерінің қатысуымен «Көкжелек» БПҰ мүшелерінің партия аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу өтті.

Басқосуда партия аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері білім беру саласы қызметкерлерімен Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жол­дарын талқылады. Партияның аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Жамбыл Қа­лыбаев «Нұр Отан» партиясы­ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарла­масының ауданда орындалуы туралы хабарлама жасай келе, алда атқарылар жұмыстарға да тоқталды. 
Кездесуде сөз алған партия мүшелері Ескермес Байым­бетов, Айгүл Сейтжанова, Жа­зира Сейтжанова Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ба­ғытында «Көкжелек» бастауыш партия ұйымында атқарылып жатқан жұмыстарды айта келе, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. «Көкжелек» БПҰ төрайы­мы Индира Дәурен­бекова сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу бағытындағы жұмыстар БПҰ мүшелерінің назарынан тыс қалмайтынын алға тартып, болашақта Сыбайлас жемқор­лықсыз мемлекетті құратыны­мызға кәміл сенетінін білдірді. Кездесуді партия аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Жамбыл Қалыбаев қорытындылап, кездесуге қа­тысушыларға ашық әңгімелері мен құнды пікірлері үшін риза­шылығын білдірді.

 

Ерман ӘБДИЕВ,

Жамбыл облысы,

Мойынқұм ауданы