Негізгі бет  /  мақалалар  /  Жастардың жұмысы жүйелі

Жастардың жұмысы жүйелі

Айқын-ақпарат
1104
Жастардың жұмысы жүйелі Мемлекеттік жастар саясаты бағытында атқарылып жатқан жұмыс аз емес. Әсіресе, жастардың басым бөлігі тұратын қалаларда бұл бағытта ауқымды істер қолға алынуда. Оларға халық қалаулыларының берер бағасы қандай?

Осы және өзге де мәселелер Павлодар облысы Ақсу қаласы мәслихаты мен «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының бірлескен кеңейтілген отырысында қаралды.

Алдымен «Нұр Отан» пар­тиясы «Жас Отан» жастар қанаты Ақсу қалалық филиалы­ның басшысы Гүлназ Солтанова биыл жүзеге асқан істерді қорытындылады. 
– «Жас Отан» жастар қана­тының Ақсу қалалық филиа­лында 14-29 жас аралығындағы мектеп оқушылары, колледж студенттері, «Серпін – 2050» бағдарламасының қаты­су­шылары, ірі кәсіпорындардың жас жұмысшылары бар. Олар­дың бастамасымен және қа­тысуымен жыл бойы түрлі шара ұйымдастырылды. Өткен жылы жасотандықтар қатары 900-ден асса, биыл жас бел­сенділер саны 1100 адамға жетті. Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың салиқалы саясатын, «Нұр Отан» партиясының бағытын қолдайтын жастар қатарының көп екенін көрсетсе керек, – деді Г.Солтанова. 
Сонымен қатар Жастар бас­та­маларын дамыту орталығы­ның басшысы Еркебұлан Күнтуған да өткенге талдау жа­сады. Айтуынша, жыл басынан бері Ақсу қаласы мен оған қарасты ауылдардағы жастар­дың бос уақытын қамту, олар­дың жобаларын жүзеге асыру бағытында біраз жұмыс жасал­ды. Нәтиже де жоқ емес. Мә­селен, жұмысшы жастарды қолдау мақсатында олардың арасында байқаулар ұйымдас­тырылып, әлеуметтік жағдайы үнемі назарда болды. Ақсу ферроқорытпа зауыты жастар кеңесінің төрағасы Никита Цыбенконың айтуынша, зауыт басшылығы мен мемлекеттік мекеме өкілдері жастармен бірге көптеген жұмыс атқарды. Бұл өз кезегінде әртүрлі салада қызмет ететін жастардың ұйым­шылдығын, нәтижелі еңбегін көрсетті. 
Жиын соңында «Нұр Отан» партиясының мүшелері жастар­дың терроризмге, сыбайлас жемқорлыққа күрес бағытын­дағы жұмысын жетілдіру қа­жеттігі жөнінде ұсыныс айтты. 
Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА, 
Павлодар