Негізгі бет  /  мақалалар  /  Сілеусін өзімен бірдей балық аулады

Сілеусін өзімен бірдей балық аулады

Айқын-ақпарат
1205
Сілеусін өзімен бірдей балық аулады АҚШ ұлттық саябақтарының бірінде жирен сілеусін өзімен бірдей үлкен балықты аулады. Рейнджерлер оқиғаны видеоға түсіріп үлгерді.

«Олимпик» ұлттық саябағы (Olympic National Park) Олимпик түбегінде, Вашингтон штатының солтүстік-батысында орналасқан. Түбектің ұзақ мерзім бойы оқшаулануынан мұнда өзіндік флора мен фауна қалыптасты. Онда жирен сілеусін Lynx rufus тіршілік етеді. Бұл мысық тұқымдас жыртқыш қоян, қой, құстар, балықтар, тіпті кішігірім акулаларға дейін аулап, күн көреді, деп жазды nat-geo.ru. Күзде «Олимпик» саябағында ақсеркенің уылдырық шашу науқаны басталады. Рейнджер Ли Снук (Lee Snook) әріптестерімен бірге балықтардың жаппай топтасқан орындарын көруге аттанды. Парктің бір бұрышында жемтігін торуылдаған жас сілеусінді байқаған рейнджер дереу камерасын қосады. Осылайша, балық аулау оқиғасын таспаға түсіріп алған. 

inform.kz