Негізгі бет  /  мақалалар  /  Петропавлда үш адамды үсік шалған

Петропавлда үш адамды үсік шалған

Айқын-ақпарат
901
Петропавлда үш адамды үсік шалған  Қалалық травмпунктке үсік шалған үш петропавлдық жүгінген.

Облыстың ТЖД ақпаратына сәйкес алдағы екі күнде СҚО-да ауа райына байланысты ескерту жарияланды. «Қазгидромет» РМК деректеріне сәйкес 22 және 23 желтоқсан күні түнде өңірде күшті аяз болады, кей жерлерде аяз - 40 градусқа дейін жетеді.  «ТЖД халықтың қалыпты тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету, ТЖ алдын алу үшін шаралар қабылдауды ұсынады», - делінген хабарламада. Облыста бүгін де аяз болды. Петропавлда ауа райы минус 38 градусқа дейін түсті. Кей аудандарда - 42 градусқа дейін төмендеді. Мектептерде сабақ кейінге қалдырылды. Түнде барлық бағыт бойынша жол жабылды.


inform.kz