Негізгі бет  /  мақалалар  /  Берлиндегі лаңкестікті «Ислам мемлекеті» өз мойнына алды

Берлиндегі лаңкестікті «Ислам мемлекеті» өз мойнына алды

Айқын-ақпарат
1005
Берлиндегі лаңкестікті «Ислам мемлекеті» өз мойнына алды  «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы (ҚР аумағында тыйым салынған) Берлинде болған теракті үшін жауапкершілікті өз мойнына алды.

Еске салайық, дүйсенбі күні кешке Берлин орталығында жүк көлігі рождестволық базарға жиналған қалың жұрттың арасымен жүріп өткен болатын. Салдарынан 12 адам көз жұмып, 50-ден астамы ауруханаға жеткізілді. Германия канцлері Ангела Меркель мұны ресми түрде теракт деп таныды. Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев А.Меркельге, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Германия халқына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

inform.kz