Негізгі бет  /  мақалалар  /  Түркияның Измир қаласында жарылыс болды

Түркияның Измир қаласында жарылыс болды

Айқын-ақпарат
1090
Түркияның Измир қаласында жарылыс болды   Түркияда Измир қаласының Буджи ауданында 20 желтоқсан күні кешқұрым қуатты жарылыс болды. Алдын ала деректер бойынша, қолдан жасалған екі құрылғы іске қосылған.

Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады, деп жазады life.ru. Оқыс оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Жарылыс болған жердегі екі көлік қирады. Құқық қорғаушылар үш күдіктіні ұстады. Олар қалалық полицияның терроризммен күрес бөлімшесіне жеткізілді.

inform.kz