Негізгі бет  /  мақалалар  /  Мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары талқыланды

Мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары талқыланды

Айқын-ақпарат
1202
Мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары талқыланды Кеше «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалында «Мемлекеттік қызмет көрсету» бағыты бойынша партия жетекшісінің комиссия отырысы өтті.

Партия жетекшісінің ко­миссия отырысын «Нұр Отан» партиясы Астана қаласы фи­лиалының ПБК төрағасы Зей­нолла Шибкенов басқарды. Отырыс барысында «Халыққа қызмет көрсету орталығы» мен халықты ақпараттандыру жұ­мы­сының қорытындысымен танысты және келер жылғы жоспарды талқылады. 

Астана қалалық «Халыққа қызмет көрсету орталығы» де­пар­таментінің директоры Руслан Шамшиевтің айтуынша, «Нұр Отан» партиясы сайлауал­ды бағдарламасын іске асыру аясында мемлекеттік қызмет көрсетудің қолжетімді және ашық түрде өткізілуі бойынша күнделікті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Астана қаласы бойынша ХҚК орталығы департаменті соңғы 12 айда 3 млн 69 мың 287 қызмет көрсеткен. Оның 2 138 154 тұрғылықты жері туралы, сотталмағандығы туралы ақпа­рат­тар болған.
–Халыққа қызмет көрсету орталығы 500 мыңға жуық қыз­мет көрсету жұмыстарын жүзеге асырды. Сонымен бірге, элек­трон­ды қызмет көрсету бойын­ша электронды үкімет төлемақы төлеу шлюздері ар­қылы 100 млн теңге шамасында салық және айыппұл төлемдері жасалды. Біздің орталық фи­лиалдарда мүгедек жандарды жұмысқа орналастыру қолға алын­ған. Осы жылы 21 мүм­кін­дігі шек­теулі жандар жұмысқа қа­былданды. Мемлекеттік қыз­мет көрсету жұмысының сапа­сын арттыру үшін психолог ма­мандармен семинарлар, лек­­­­­­ция­лар және дөңгелек үстел­дер өткізіліп, бейнероликтер көр­сетіліп келеді, – деп тоқ­талды Р.Шамшиев.
ХҚК орталығы департамент басшысының айтуынша, бү­гінде қызмет көрсету орталы­ғында жемқорлық мәселесі – көп талқыға салынатын та­қы­рып. Әсіресе жылжымай­тын мүлікті заңдастыруда жем­қорлықпен көп кездесуге бола­ды. Осыған орай «Нұр Отан» пар­тиясы және Астана қала­сының құқық қорғау органдары өкілдерімен сыбайлас жем­қорлықпен күрес тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргі­зіліп келеді. Соның бір көрсет­кіші – ағымдағы жылы 1 мың 282 шара өткізілген.
ҚР мемлекеттік қызмет іс­тері және сыбайлас жемқорлық­қа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің бас маманы Әсел Иманованың мәліметіне сүйенсек, соңғы 9 айда 7 млн 306 мың 148 қызмет көрсетілген және оның 57% жергілікті атқарушы орган мүшелерімен атқарылған. 
«Азаматтарға арналған үкі­мет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Астана қаласы бойынша филиалы –«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департа­ментінің директоры Әлия Райым­бекова халықты мем­лекеттік қызметпен ақпарат­тан­дыру бойынша мемлекеттік кор­порациялар жүйелі қызмет атқарып келе жатқанын айтады.
– ХҚК орталығының әр бө­лімінде электрондық қызметті қолдану, электрондық қол алу, электронды арыз түсіру мен лицензия алу сынды жұмыс­тарда халыққа арнайы кеңес беріледі. Мұндай мемлекеттік қызметті азаматтар қоңырау шалу арқылы да пайдалана алады. Қызметкерлердің мүмкіндігі шектеулі жандармен сөйлесу деңгейін жоғарылату мақсатында оқыту жұмыстары өтті. Ондай жандарға орталықта арнайы терезелер қарастырыл­ған. Егер олар орталыққа келе алмайтын болса, 1414 желісіне телефон соқса, қызметкерлер үйлеріне барады. Мемлекеттік корпорация азаматтарға хабар­лама жіберу арқылы олардың әлеуметтік жәрдемақы, зей­нетақы­лық төлем туралы қа­был­данған мемлекеттік шешім­дермен ақпараттандырып отыр. Яғни, олар орталыққа келмей жа­тып, бәрінен хабардар бо­лады, – деді Ә.Райымбекова.
Егер азамат өтініш жазған құжаттарына белгіленген уақыт­та қайтып келмесе, онда ол бөлімде бір ай көлемінде сақталады. Ары қарай да сақталу үшін сол қызметті көрсеткен бөлімге жіберіледі. Жеке куәлік пен паспорттың сақталуы бір жылды қамтиды. Сонымен қа­тар жоғарыдағы нөмірге алдын ала хабарласып, электронды кезек алып қою, өтініш жазған құжаттарының дайын болған болмағанын білу мүмкіндігі бар.
Отырысты қорытындылай келе, мемлекеттік қызмет көр­сетуді жақсарту туралы ұсы­ныстар білдіріліп, 2017 жылға арналған жоспар талқыланды.

 

Таңшолпан ТӨЛЕГЕН